Дуалды оқу: кеше - студент, бүгін - мұнайшы

29 наурыз, 2019

27-28 наурызда ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) республикалық және аймақтық БАҚ үшін ұйымдастырылған баспасөз туры «Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі - ЕМГ немесе Компания) дуалды білім беруді енгізу тәжірибесіне арналды.

Шараға жетекші республикалық және аймақтық телеарналардың, интернет-порталдардың және баспа БАҚ өкілдері қатысты. ҚР БҒМ бастамасымен ұйымдастырылған турдың негізгі мақсаты – «APEC PetoTechnic» жоғары техникалық колледжінің үлгісі бойынша елдегі отандық кәсіптік білім беру саласындағы жетістіктермен таныстыру және ЕМГ компаниясымен дуалды оқу жүйесі сәтті жүзеге асырылуына көз жеткізу. 

Турдың бірінші күні журналистер «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-не қарасты С.Балғымбаев кен орнының базасында аталған бағдарлама аясында тәжірибеден өткен студенттермен кездесті.   

- Бүгінгі күні дуалды оқыту жүйесі техникалық мамандарды даярлаудың ең тиімді нысандарының бірі саналады. Бұл форма оқу үрдісінде теория мен практиканы біріктіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын үшін бұл – қызметкерлерді дайындау, іздеу және іріктеу, оларды қайта даярлау және бейімдеу үшін көзделген шығындарды азайту мүмкіндігі. Студенттер үшін - бітірушілерді нақты жұмыс жағдайына бейімдеу және бітіргеннен кейін мамандық бойынша табысты жұмыс істеу мүмкіндігі, - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңесшісі Майрас ТАЙКЕНОВА. 

- Туған жерім Өскеменде 11 сыныпты бітіргеннен кейін, мен білімімді қай жерде жалғастыратынымды таңдадым. Бақытымызға орай, сол кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Республиканың мұнай-газ саласы бойынша жас мамандарды даярлау үшін гранттар бөлді, Шығыс Қазақстан облысына сол кезде  5 квота бұйырған еді. Мен «Мұнай және газ саласы бойынша кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша «APEC PetoTechnic» жоғарғы колледжіне  ағылшын тілінен де емтиханнан сәтті өттім. Анам мемлекеттік қызметкер екендігін және туыстарымның бірде-біреуі мұнай өнеркәсібінде жұмыс істемейтінін атап өткім келеді. Оқудың соңғы курсында мен  Компаниядағы дуалды оқытуға таңдалдым. Алты ай бойы мен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нің Оңтүстік-Батыс Камысты кен орнында тәжірибеден өтіп, «APEC PetoTechnic» жоғарғы колледжін бітіргеннен кейін арнайы тестілеу нәтижесінде осы компанияға жұмысқа қабылдандым. Қазір мен «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің Молдабек кен орнында ғылыми-зерттеу бөлімінің операторы болып жұмыс істеймін. Мен жақсы жалақы алып қана емес, әртүрлі қосымша әлеуметтік төлемдермен де қамтамасыз етіліп отырмын. Вахталық кезекті демалыс уақытында  ҚБТУ мен  «APEC PetoTechnic» жоғарғы колледжінің бірлескен жобасы негізінде аталмыш колледж базасында   жоғарғы білім алу үшін оқып жүрмін, - дейді компанияның жас қызметкері Нұрлан СОВЕТҚАНОВ.

Баспасөз туры барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жаттығу алаңына барды, жас мұнайшылар өздерінің кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Сондай-ақ, журналистер мұнайшылардың тұрмыс жағдайымен, бос уақыттарын қалай өткізетінін және асханаларымен де танысты.

- «2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 93 студент дуалды жүйе бойынша оқуды аяқтады. Оның 40-ы қорытынды бойынша тестілеуде ең жоғарғы балл жинап бүгінде Компанияда жұмыс істейді. 2018-2019 оқу жылында дуалды оқытуға іріктеуден өткен 43 студент өздерінің жұмысын жалғастыруда », - деп атап өтті ЕМГ-нің қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры Гүлбану ШАРАФЕТДИНОВА.

Жоспарлы бас қосудан кейін  БАҚ өкілдері ЕМГ компаниясының интерактивті мұражайына барды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жыл аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.