Мұнай саласындағы әйелдің рөлі

20 наурыз, 2019

Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) бас кеңсесінде «Мұнай-газ саласындағы әйелдің рөлі» тақырыбында KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының (бұдан әрі ӘЭК) көшпелі жиыны өтті.

Жиынның ашылу салтанатында ЕМГ Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков, Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т.Әжіғалиева, ӘЭК төрағасы «Kazmortransflot» UK ltd қаржы директоры А.Ү. Аққайсиева кіріспе сөз сөйледі.  

- Ембілік әйелдер ғасырға жуық уақыт бойы кәсіпорынның қалыптасып, дамуына зор үлестерін қосып келді. Олар алғашқы мұнайшыларға жайлы жағдай туғызып, бірнеше ұрпаққа тараған династиялардың негізін қалады. Соғыс жылдарында да әйелдер өндірісте ерлердің орнын абыроймен алмастыра білді. Бүгінгі күні де әйелдерге жұмыс пен отбасы құндылығын қатар сақтау жауапкершілігі жүктеліп отыр. Ембіде қызмет ететін 900-ге жуық әйелдің ішінен 238-і – көпбалалы аналар. Оларға Компанияның әлеуметтік пакеті аясында тиімді жағдайлар жасалуда, - деп атап өтті Әнуар Жақсыбеков.  

Көшпелі жиынның негізгі мақсаты мұнай-газ компанияларындағы гендерлік саясаттың дамуы бойынша тәжірибе алмасу болды. ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, ӘЭК атқарушы комитетінің мүшесі Р.Н.Тасмағамбетова пленарлық сессияның модераторы және спикерлердің бірі болды.  

- Компания базасында «Мұнайшы қыз» әйелдер клубын құрудағы басты мақсат ЕМГ миссиясы және құндылықтарымен тікелей байланысты болды. Компанияның бекітілген құндылығы – жұмысшылардың өмірі мен днсаулығын сақтау  аясында 2018 жылы клуб барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерде еңбек ететін қыз-келіншектерге арналған онкологиялық ауруларды анықтау және алдын алу, кәсіби өсу және ораторлық шеберлікті қалыптастыру бағыттарында тренингтер ұйымдастырды. Атап өту керек, осы бір жыл ішінде біз әйел жұмысшылармен кері байланысты мықтап орнатып, олармен алдағы уақытта да жүйелі жұмыс жасау керек екендігін аңғардық, - деп атап өтті Рысты Тасмағамбетова өз сөзінде.

Кәсіпорындардағы гендерлік тепе-теңдікті сақтау және әйелдер клубының жұмыстары туралы KAZENERGY Ассоциациясының атқарушы директоры Л.Ж.Ахмурзина,  Халық Банкі Басқарма төрағасының орынбасары Ж.С.Сатубалдина, «Теңізшевройл» ЖШС жетекші қаржы талдаушысы А.Сүйінішбекқызы, «АМӨЗ» ЖШС қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы Ә.Ә.Жайлашева,  NCOC N.V. материаларды жеткiзу бойынша кеңесшi З.Сүлейменова және Атырау облыстық  Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Н.Т.Айтиева баяндамаларын оқыды.

Көшпелі жиын аясында мұнай-газ саласының бірқатар жұмысшы әйелдері KAZENERGY Ассоциациясы мен «Ембімұнайгаз» АҚ атынан марапаттарға ие болды.

Сол күні-ақ ӘЭК атқару комитетінің отырысы өтті. Бұл жиында 2019 жылдың жоспары, атап айтсақ, «ҚР энергетика саласындағы әйелдердің рөлі» ақпараттық-талдамалық шолуды жасақтау, «Сандық тәлімгерлік» жобасын жүзеге асыру, ӘЭК-тің IV Форумын ұйымдастыру және басқа да мәселелер талқыланды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жыл аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.