«Таза жағалау» акциясына ембіліктерде ат салысты

18 наурыз, 2019

16 наурыз күні «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бір топ қызметкері (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) «Таза жағалау» акциясына қатысты.

16 наурыз күні Жайық өзені жағалауын тазалауға арналған «Таза жағалау» атты санитарлық тазалықтың екі айлығы басталған болатын. Бұл акцияға Компанияның орталық басқару аппараты, «Ембімұнайэнерго» басқармасы мен өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасынан екі жүзге жуық қызметкері белсенділікпен атсалысты.

- Бұл шараға немқұрайлы көзқарас танытпай, Ғасырға жуық тарихы бар Компанияның өкілі ретінде біз де әкімдік бекіткен аумақты қоқыс-қалдықтардан, жағалауды өлген балықтардан тазалау акциясына  қатысуға бірауыздан шешім қабылдадық, - дейді ЕМГ әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару департаменті директорының орынбасары Бекет ҒҰБАЙДУЛЛИН.

Ембілік қызметкерлер қоқыс жинайтын полиэтилен пакеттер мен қолғаптарды өз қаражаттарына алды. Бұған дейін, 9 наурыз күні өзен жағасын өлген балықтардан тазарту акциясына қатысқан еріктілерге қолғаптар мен қорғаныс маскаларын алуға ЕМГ Басқару аппаратының кәсіподақ комитеті қаржылай қолдау білдірген болатын.

Жалпы, сенбілікке өзен жағалауынан 52 тонна қоқыс, 4,3 тонна өлі балық жиналды. «Таза жағалау» сенбілігіне жалпы 2600-ден астам тұрғын қатысты. Аталған тазалық акциясы ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін  жалғасады.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жыл аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.