Ембіліктер Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті

18 наурыз, 2019

Ембілік мұнайшылар Наурыз тойын  Қызылқоға ауданындағы «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Кенбай кен орнында ерекше түрде тойлады. Ақшаңқан киіз үйлер, төгілген күй мен шырқалған ән ен даладағы кен алаңын нағыз думанға толтырды.

Көрісу мерекесімен тұспа-тұс келген ауқымды шараға «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі ҚМГ немесе бас компания) Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Ж.Н.Марабаев, бас компанияның өндіріс жөніндегі басқарушы директоры М.Сәлімгереев, «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары М.Әбуов, мәслиxат xатшысы Т.Бейсқали, ЕМГ басқару аппараты, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, 6 өндірістік құрылымдық бөлімшенің еңбек қатысты.

– Жыл сайын дәстүр бойынша ұлттық «Наурыз» мерекесін Компанияның ірі кен орындарында тойлап жүрміз. Биыл ембілік мұнайшылар «Кенбай» кең алаңында бас қосуда. Өздеріңізге белгілі бұл кең алаңын, 1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі салтанатты түрде ашқан еді.

2018 жылы өндірістік жоспарды табысты орындадық. Бұл – ғасырға жуық уақыт бойы халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан ұжымдағы бірліктің, татулықтың нақты айғағы. Ембілік мұнайшылар қашанда ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келеді. Компанияда бес мыңнан астам жұмысшы қызмет етеді. Бүгінгі жетістігіміз – солардың уақытпен санаспай атқарған маңдай терлерінің жемісі, – деді ЕМГ АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

Сонымен қатар, мұнайшыларды Бас компания Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев құттықтап, мерекеге орай елеулі еңбектерімен дараланған қызметкерлерге ұлығыланды. Атап айтсақ, ЕМГ Басқарма төрағасының «Құрмет грамотасымен» Компанияның  әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару жөніндегі департаментінің аға маманы Самат САГЫНДЫКОВ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Құлсарыдағы ұңғыларды жерасты жөндеу цехының 5 разряд көтергіш машинисі Тоқтамыс ҚЫМЫЗҒАЛИЕВ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ №3 Шығыс Мақат мұнай және газ өндіру цехының бастығы Айнұр САЛИЕВ, «Ембімұнайэнерго» басқармасының Доссор аудандық электр торабының шебері Қадірбек АБУОВ марапатталады. Компанияның даму жолындағы адал еңбегі, кәсіби шеберлігі, белсенділігі үшін ЕМГ Басқарма төрағасының Алғыс хаты «Ембімұнайгаз» «Доссормұнайгаз» МГӨБ әлеуметтік қамту бөлімінің жетекші маманы Мереке ДЮСЕНГАЛИЕВАҒА, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ жылу, газ, сумен қамтамасыз ету бөлімшесінің жылу қазандығының операторы Оразай  ЕСЕНҒҰЛОВҚА, «Ембімұнайэнерго» басқармасының материалдық-техникалық жабдықтау тобының технигі Алмагүл ТЛЕПОВАҒА, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорвадағы ұңғыларды жерасты жөндеу цехының 4 разряд операторы Рүстем КУБЕСОВКЕ, өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасының  орталықтандырылып жеткізу және қойма шаруашылығы учаскесінің инженері Ерлан ҮСЕНОВКЕ табыс етілді.

Мұнай газ кешенін дамытуда қосқан қомақты үлесі, жоғары өндірістік көрсеткіштері және ұзақ жылғы еңбегі үшін «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төсбелгісімен  «Доссормұнайгаз» МГӨБ зерттеу жұмыстарын жүргізу цехының 5 дәрежелі ұңғымаларды зерттеу операторы Дариға АҚМҰРЗИЕВА, ҚМГ ҰК «Құрмет граматосымен»  «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Құлсарыдағы ұңғыларды жерасты жөндеу цехының шебері Құмар ОРАЗАЛИЕВ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары Сәкен ШАРАПИДЕН, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының бастығы Талғат ҚАЙЫРҒАЛИЕВ, ҚМГ ҰК Алғыс хатымен «Доссормұнайгаз» МГӨБ Мақаттағы мұнайды дайындау және айдау цехының Шығыс Мақат кен орны 4 дәрежелі химиялық лаборанты Айжан ХАМИТОВА, өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасының өндіріске қызмет көрсету учаскесінің жөндеуші-слесарі Азат  АЙЖАРЫҚОВ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ зерттеу жұмыстар цехы бастығының орынбасары Айгүл ЕРМҰХАМБЕТОВА марапатталады. Сонымен қатар, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ арнаулы техника және автокөлік колоннасының автокөліктердің жөндеушісі Калибек МАНАСОВҚА, механика-энергетикалық бөлімінің 1 категориялы механигі Аманкелді ДЮСЕМБАЕВКЕ, нысандарды ағымдағы жөндеу бөлімшесінің  тас қалаушысы Төлеген ЯНГИБАЕВҚА аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Кенбай кен орнына жиналған мұнайшыларға киіз үйлерде мол дастарқан жайылып, тарихтан сыр шертетін этно-ауыл, «Таскешу» көрмелері ұйымдастырылды. Салтанатты шара «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қызметкерлерінің орындауындағы театрандырылған көріністен басталдыОсы орайда, «қайнарлықтардың» Ұлыстың ұлы күнін жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлкен ұйымшылдықпен атсалысқандарын ерекше атап өткен жөн. Бар өнерлерін салып, ән айтып, флешмоб билеп, түрлі ұлттық спорттық ойындарға қатысып, бақ сынады. «Кір тасын көтеру», «Білек күшін сынау», «Арқан тарту» секілді сайыстарға шықты. Кір тасын көтеруден І орынды «Доссормұнайгаз» ұжымы еншілесе, ІІ орынды «Жайықмұнайгаз»  жеңіп алды. Ал, ІІІ орын «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-не тиесілі болды. Қол күшін сынасудан да доссорлықтар алдына жан салмады. «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қызметкерлері ІІ орынға тұрақтаса, «жылыойлықтар» ІІІ орынды еншіледі. Ал, арқан тартыстан «Жайықмұнайгаз» командасы ақтық сында жеңісті «доссорлықтардың» қолынан суырып алды. Ал, «қайнарлықтар» ІІІ орын алды.    

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтарға ие болды. Аталған өндірістік басқарманың қолданыстағы құрал-жабдықтарды жөндеу және прокаттау бөлімінің слесарі Қуаныш Мұхтаров салмағы 150 келідей болатын Наурыз мерекесінің символы саналатын Тайқазанды өз қолымен дайындады. Наурыз мерекесінің сәнін арттырған Тайқазан Қызылқоға аудандық мұражайына мұнайшылар атынан сый ретінде тарту етілді.

Айта кетсек, «Ембімұнайгаз» компаниясында Ұлыстың Ұлы мейрамын жоғары деңгейде тойлау жыл сайынғы дәстүрге енді. Бұған дейін «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-нің Прорва, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нің Салтанат Балғымбаев, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-нің Ботахан кен алаңдарында тойланды.