Ардагерін құрметтеген ел ардақты

07 наурыз, 2019

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Атырау облысының бір топ еңбек ардагерлері мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ның дамуына сүбелі үлес қосқан ардагер мұнайшылардың жұбайыларына 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтау хатын жолдады.

Мереке қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ әлеуметтік саясат департаментінің қызметкерлері облыстың еңбек ардагерлері – З.Иманғалиева, Н.Абдолова, М.Ғабдісәлімова, Д.Қоқанова, А.Көшекова, Д.Қарасаева, М.Сабирова мен  Ембінің даму тарихында өлшеусіз із қалдырған ардагерлер мен олардың жұбайылары Л.Назарова, Н.Ележанова, К.Төлеңгітова,  З.Бисекенова, Қ.Сүйінғариеваның үйлеріне барып, сый-сияпат жасады, Бас компания басшысының құттықтауын жеткізді.

- Сіздердің өмір жолдарыңыз, еліміздің қалыптасып, дамуына сіңірген еңбектеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Қиын кезеңдерде де бар ауыртпалық жүгін ерлермен тең дәрежеде көтеріп қана қоймай, жұмыстың алға басуына ықпал еттіңіз, - деп ембілік мамандар әжелерге жылы лебіздерін білдіріп, зор денсаулық тіледі. Ақ жаулықты әжелер өз кезегінде естеліктерімен бөлісіп, Компания басшылығына алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

 «Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жыл аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897,1 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.