Аққыстау базасын жалға беру жөніндегі хабарландыру

17 қаңтар, 2019

«Ембімұнайгаз» АҚ жалпы көлемі 7,04 га болатын Аққыстау өндірістік базасын жалға беру қызметін ұсынады. Өндірістік база Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау поселкесінде (Аққыстау станциясы) орналасқан.

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ қарасты Аққыстау базасын уақытша пайдалануы үшін бір жылдық жалға беру құны ҚҚС есебінсіз:

  • 2019 жылға - 12 371 455 теңге ҚҚС есебінсіз;
  • 2020 жылға -12 623 881 теңге ҚҚС есебінсіз.

Нысанның құрамына кіреді:

Жалпы көлемі 7,04 га жер тілімі, кадастрлық номері 04-061-001-071.

Жабдықталған, инертті материалдар түсіруге арналған алаңы және аркалы №1 қоймасы бар, кірме темір жол №200000009424, кадастрлық номері 04-061-001-072, бағыттаманы ауыстырғыш №12-нің шеткі бағанынан бастап бағыттаманы ауыстырғыш №16-ның шеткі бағанына дейінгі жалпы ұзындығы 791 метрді құрайды.

Жабдықталған, инертті материалдар түсіруге арналған алаңы және аркалы №1 қоймасы бар, кірме темір жол тұйығы №1301, кадастрлық номері 04-061-001-072, бағыттаманы ауыстырғыш №12-нің шеткі бағанынан бастап ең шетіне дейінгі жалпы ұзындығы 791 метрді құрайды.

Офистік әкімшілік ғимараты № 100000001404, қабат саны  1, жалпы көлемі  262,5 ш.м., пайдалы алаң көлемі 118,54 ш.м., қызметтік орындар саны 3 кабинет, бір сырт киім шешетін офистік бөлме, кадастрлық номері 04-061-001-071.