Кадр саласының мамандары келешектегі жоспарларын айқындады

20 желтоқсан, 2018

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) HR-мамандары қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу мәселелері жөніндегі жыл сайынғы дәстүрлі форумда (бұдан әрі - Форум) өткен жылдың қорытындылары мен 2019 жылға жоспарларын талқылады.                                                           

Шараға ЕМГ Басқарма төрағасы А.Жақсыбеков, басқару аппараты мен барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелердің (бұдан әрі - ӨҚБ) басшылары мен қызметкерлері қатысты.

- Аталған форум аясында жыл сайын біз кадр саласының мамандарымен бірлесе Компанияның алдында тұрған мәселелерін талқылап, алдағы жоспарларды айқындаймыз. Мұнай бағасының тағы да түсуі мен бас компанияның алдағы уақытта IPO-ға шығуы біздің алдымызға жаңа міндеттерді жүктеп отыр. HR-бөлімінің биылғы жылдағы тиімді жұмысына алғысымды білдіре отырып, бірігіп барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдімін, - деп атап өтті өз сөзінде Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.

Шара барысында 2018 жылдың қорытындылары туралы барлық ӨҚБ HR-бөлімдерінің жетекшілері есеп берді. Есептік баяндамаларда қызметкерлерді оқыту мен дамыту, кадрлық басқару, жұмысшылардың сандық және сапалық құрамы, еңбекке ақы төлеу  және реттеу мәселелері бойынша мәліметтер келтірілді. Соның ішінде, еңбекке ақы төлеу және реттеу, дуалдық оқыту, мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу қорытындылары мен басқа да мәселелерге ерекше назар аударылды.

ЕМГ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры Гүлбану ШАРАФЕТДИНОВА форумға қатысушыларға ағымдағы жылдың сәуір айында 10 жылдық мерзімге қабылданған ЕМГ-нің даму тұжырымдамасы аясындағы «Қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеудің 2017-2027 жылдарға арналған функционалдық стратегиясының» орындалу барысы туралы баяндады.

Форум соңында кадр қызметінің есепбеті бойынша қорытындылар шығарылды. Ал, Компанияның HR-бөлімдерінің үздік қызметкерлеріне ЕМГ-нің Құрмет грамоталары табысталды. 

Атап айтсақ, қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің еңбек және жалақы бөлімінің басшысы Гүлшат Сарекенова, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу бөлімі бастығының орынбасары Әлия Талпақова, «Доссормұнайгаз» МГӨБ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу бөлімінің кадрларды даярлау жөніндегі инженері Нұргүл Нұрғалиева, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу бөлімінің кадрларды даярлау жөніндегі инженері Естай Мамбетов, «Ембімұнайэнерго» басқармасының қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу тобының кадр жөніндегі 2-санатты маманы Райхан Балғымбаева  марапатталды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz   тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде)

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.