ҚМГ БӨ: артықшылықты акцияларды сатып алу мерзімі акционерлердің өтініші бойынша ұзартылды

15 қараша, 2018

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ артықшылықты акцияларын сатып алу мерзімі 2,5 айға, келесі жылдың 31  қаңтарға дейін ұзартылды. Мұндай шешімді компанияда өз акцияларын бағдарлама аяқталуының бастапқы мерзімі, 16 қарашаға дейін сатуға үлгермеген акционерлердің өтінішімен түсіндіреді.

«Қазіргі сәтте барлық ірі акционерлер, әдетте, бұл заңды тұлғалар өз акцияларын сатты. Бізге негізінен жеке тұлғалар өтініш білдірді. Оларға өз акцияларын сатуды ресімдеу үшін едәуір көп уақыт қажет. Бұның себебі тізілімде акционерлердің жеке деректері ескірген, оларды жаңарту біраз уақытты талап етеді», - деп атап өтті ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Қарабаев.

Сонымен қатар, компанияда соңғы апта ішінде жеке тұлғалар тарапынан акцияларды сатуға өтініштер санының күрт өскенін атап айтады. Брокердің деректері бойынша, 13 қараша күні 363 037 акцияға 3 062 клиент атынан өтініш келіп түскен.

Артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасының қалған шарттары өзгермеді. ҚМГ БӨ компаниясын тарату және оның барлық қызметін басты компания - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға беру бойынша алдағы уақыттағы жоспарлар да өзгеріссіз қалды.

Еске сала кетейік, ҚМГ БӨ 13 тамызда бір акция үшін 12 800 теңге бағамен 1 905 209 акцияға дейін көлемде еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акциясын сатып алу туралы хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта Компания жалпы сомасы 12,1 млрд теңгеге 948 958 (49,8%) артықшылықты акцияны сатып алды. Келесі сауда-саттық 16 қарашада өтеді деп күтілуде.