Ембіліктер Атыраудың жас талантына демеушілік көмек көрсетті

08 қараша, 2018

2018 жылғы 8-қарашада Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда жас та болса үлкен өнер иесі, Атыраудың мақтанышына айналған Айнель Тұрағалиеваның концерті өтті. Камералық оркестрмен бірге ол Вивальди, Платти, Марчелло және тағы басқалардың шығармаларын гобой аспабымен орындап, кештің сәнін әсем әуенмен әрледі. 

Айнель 8 жасынан бастап музыкаға ерекше бет бұрып, осы уақытқа дейін сұйікті аспабын еш тастаған емес. Дарынды балаларға арналған Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында білім ала жүріп, Айнель республикалық, бүкілресейлік және халықаралық конкурстардың Бас жүлде иегері, лауреаты атанған болатын. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен табандылығы мәскеулік аудиторияны бағындыруға септігін тигізіп, ұстаздардың оң бағасына ие болды. Жас өнерпаздың өнеріне тәнті болған ұстаздары  Айнельді Гнесиндер атындағы Мәскеу музыка мектебіне оқуға түсуге ұсынады. 

Күрделі қабылдау емтихандарынан сүрінбей, сынақтарды сәтті тапсырған Айнель – бүгінгі таңда аталған білім ордасының ақылы бөлімінің шәкірті. Әкесі Ғалилолла Хұсайынұлының айтуынша, өнер иесінің арманының орындалуына «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы үлкен септігін тигізді. Компания Тұрағалиевтердің өтініштеріне бірден елең етіп, демеушілік көмек көрсетті. Облыстық филармонияда өткен шығармашылық кешті Айнельдің туыстарымен бірге ЕМГ АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова тамашалады. Ол жас дарындарды қолдап жүрген кешті ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Айнельге алдағы өмір жолында сәттілік мен биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.