Мәжіліс депутаттары – Ембіде

24 қазан, 2018

Ағымдағы жылдың 24 қазан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауын түсіндіру мақсатындағы өңірімізге сапары кезінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Б.Мамраев пен М.Қ.Пішембаев «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесt Компания) бас кеңсесінде болды.

Сапар барысында ҚР Мәжіліс депутаттары Өндірістік процесті бақылау орталығының жұмысымен танысып, интерактивті мұражайды аралады.

Өндірістік процесті бақылау орталығында ЕМГ қызметкерлері аталған орталықтың онлайн-режим жүйесі арқылы өндірісті қашықтықтан басқару мүмкіндігі бар екенін, барлық ақпарат жедел түсіп тұратынын,  соның негізінде шешімдер қабылданатынын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің технологиялық үдерістерін басқару автоматтандырылған жүйесі, ЕМГ-нің барлық кен орындарындағы әр ұңғыманың мәліметтері, жөндеу бригадалары мен көлік мониторингін бақылау жүйесі туралы мол мағлұматтар берілді.

 - Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрландыру жүйесіне баса назар аударды. Ал, сіз бұл жұмысты бұдан бұрын бастап кеткенсіздер. Атап өтетін басты жайт, бұл жоба – компанияның IT саласы мамандары мен өндіріс, қаржы салалары қызметкерлерінің бірлескен жұмысының жемісі, - деп ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев ембіліктер атқарған ауқымды жұмысты жоғары бағалады. 

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.