Ембідегі екі күн

25 қазан, 2018

Ағымдағы жылдың 22-23 қазан күндері «Ембімұнайгаз» АҚ-на (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) ұлттық компаниялардың басшылары мен IT–секторы және өндіріске жауапты  өкілдері  келді.

 Өндірістік нысандар мен ЕМГ-нің бас кеңсесіне жоспарланған екі күндік сапарға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервистері жөніндегі орынбасары (бұдан әрі ҚМГ ҰК), «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры Қ.О.ЕСҚАЗИЕВ, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі – Самұрық-Қазына) IT департаментінің басқарушы директоры Д.Ж.КЕРЕЙБАЕВ, Самұрық-Қазына IT және цифрландыру кеңсесінің жетекшісі Д.А.САКРЮКИН, ҚМГ ҰК мұнай және газ өндіру жөніндегі басқарушы директоры М. Ж. СӘЛІМГЕРЕЕВ, ҚМГ ҰК IT және трансформация жөніндегі басқарушы директоры Д.Н.САЛОВ, ҚМГ ҰК өндірістік процестерді автоматтандыру департаментінің директоры Т.К.МАХАМБЕТОВ қатысты.  

Сапардың алғашқы күні делегация мүшелері 2016 жылдан бері «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы сәтті жүзеге асып жатқан Қызылқоға ауданындағы «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің Уаз кен алаңында болды.

Аталған кен орнында Самұрық-Қазына және ҚМГ ҰК өкілдеріне өндірістік процесстер, сонымен қатар, «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы бойынша техникалық шешімдердің барлық кезеңі таныстырылды. Кейін «Қайнар» вахталық поселкесінің мәжіліс залында өткен жиында Компания мамандарының «Техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу» (бұдан әрі ТҚКжЖ) жобасы бойынша атқарылған ауқымды жұмыстардың есебі тыңдалды.

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына сапар барысында делегация мүшелері «Интеллектуалды кен алаңы» жобасының Прорва кен алаңдары тобына таратылу жүйесімен, газды кешенді дайындау қондырғысын сандық жүйемен қамту жұмыстарымен танысты.  «Самал» вахталық поселкесін аралау барысында ұлттық компаниялар өкілдері мұнайшылардың тұратын, тамақ ішетін және демалатын орындарын бақылады. 

Сапардың екінші күні Компанияның бас кеңсесін аралау кезінде қонақтар ЕМГ-нің интерактивті мұражайы мен өндірістік процесті бақылау ортылығында болды. ЕМГ қызметкерлері аталған орталықтың онлайн-режим жүйесі арқылы өндірісті қашықтықтан басқару мүмкіндігі бар екенін, барлық ақпарат жедел түсіп тұратынын,  соның негізінде шешімдер қабылданатынын жеткізді.

Жұмыс сапарын қортындылау кезінде Д.Керейбаев Компания қызметкерлерінің ТҚжЖ және цифрландыру жобалары бойынша іске асырған жұмыстарын жоғары бағалап, оларды жүзеге асыру бағытындағы Ембінің IT-мамандары, өндіріс және бизнес бөлімшелері қызметкерлерінің біріккен жұмыстарын ерекше атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, «Интеллектуалды кен алаңы» жобасын енгізудің нәтижесінде электр энергиясын пайдалану 30 пайыздан астам көрсеткішке, ұңғымаларды жөндеуаралық кезеңі айтарлықтай азайып, әр ұңғымада өндірілген мұнай тәулік бойынша есептелініп отырады. «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына  енгізілді. 2018 жылдың тамыз айында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Атырау облысындағы сапары кезінде «Ембімұнайгаз» АҚ Бас кеңсесіндегі Өндірісті жедел басқару орталығында болып, жоба жұмысына оң бағасын берді.

Аталмыш жобаны іске қосу 2017 жылы «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Прорва кен алаңында  жалғасып,  2018 жылы   «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Жаңаталап кен алаңына енгізу қолға алынды. Ал, 2024 жылға дейін Компанияның 11 кен алаңына жоба таратылады.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.