Вице-премьер Ембідегі сандық жүйемен танысты

17 қазан, 2018

17-қазан күні Президент Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауын түсіндіру мақсатындағы өңірімізге арналған сапары кезінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немес Компания) бас кеңсесінде болды. Сапар барысына  ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік ШАПКЕНОВ басқа да ресми тұлғалар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бас кеңседегі Өндірісті процесті бақылау орталығында болған ҚР премьер-министрінің орынбасары Ембі өндіріс барысымен, Компанияның «Интеллектуалды кен алаңы» тұжырымдамасымен танысты. Ембілік мамандар Уаз кен алаңында енгізілген концепция туралы толығырақ айтып берді.     

 - Тұжырымдаманың енгізілуе орай, электр энергиясын пайдалану 30%-ға азайып, ұңғымаларды жөндеу аралық мерзімі айтарлықтай қысқарып, олардың тәуліктік өнім өндіру көрсеткішіне есеп жүргізуге мүмкіндік туды.2017 жылы бұл жоба «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кен алаңына енгізілсе, 2018 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Жаңаталап кен алаңына қолға алынды. 2024 жылға дейін ЕМГ-ге қарасты 12 кенішке тұжырымдама таратылады-деп атап өтті өз сөзінде ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат ГАБДУЛЛИН.

«Интеллектуалды кен алаңы» жобасы «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына  енгізілді. 2018 жылдың тамыз айында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Атырау облысындағы сапары кезінде «Ембімұнайгаз» АҚ Бас кеңсесіндегі Өндірісті жедел басқару орталығында болып, жоба жұмысына оң бағасын берген болатын.

«Интеллектуалды кен алаңы» жобасының мақсаты: 

  • Мұнай өндіруді және басқа да жалғаспалы бизнес процестерді оңтайландыру бойынша жедел шешім қабылдау және талдау, мониторинг жүргізу үшін компанияның өндірістік процесстерін өндірісті жедел басқару Орталығына шынайы уақыт режимінде түсетін ақпараттарды бұдан әрі қорытындылау және бизнес-процестерді автоматтандыру,
  • Жетілген активтерде – табыстылық, мұнай беру және жалпы дайындау мерзімін созу бойынша міндеттердің мақсатқа сәйкес дайындаудың соңғы кезеңдерінде жоғары суландырылған кен орындарға  қолданылатын басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдау.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.