Академик Муфтах Диаровқа - 85 жас

12 қазан, 2018

10-қазан күні  Атырау мұнай-газ университетінің бас корпусында (АМГУ) өткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, геолого-минералдық ғылымдарының докторы, профессор, Атырау облысының Құрметті азаматы Муфтах Диаровтың 85 жасқа толуына арналған  «Экология және мұнайгаз кешені» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына   «Ембімұнайгаз» АҚ (Емг немесе Компания) Басқарма төрағасы А.Е.Жақсыбеков қатысты.

Шараға Атырау облысының әкімі Н.А.Ноғаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.С.Сайлауова, облыстық маслихаттың хатшысы Ө.Зинуллин, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Н.Ж.Ожаев, мұнай компанияларының басшылары мен өкілдері, АМГУ басшылығы мен оқытушылар құрамы, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Муфтах Диаровтың есімі бүгінде елімізге және ел аумағынын тыс елдерге де кеңінен танымал. Оның еңбектерімен бүгінде еліміздің мұнай-газ секторында соның ішінде, Ембі өңірін игеруде еңбек етіп жатқан  геологтар ұрпақтары, мұнайшылар мен ғалымдар тәрбиеленді.   Біздер-геологтар және  ғылыми-зерттеу жұмыстарының  өкілдері үшін оның еңбектері  үлгі-өнеге. Ембілік мұнайшылар атынан мерейгерді 85 жасқа толған туған күнімен құттықтаймын. Біз сіздің еңбекқорлығыңызға тәнтіміз. Сізге үлкен денсаулық, жаңа ғылыми шыңдар тілей отырып,   талантты шәкірттеріңіз сіздің жолыңызды жалғастырсын дейміз,-деп құттықтап өтті Ә.Жақсыбеков өзінің жасаған баяндамасында.     

Конференция барысында спикерлер өздерінің баяндамаларында  еліміздің тау-кен химия өндірісінің  дамуындағы   Муфтах Диаровтың жетекшілігімен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының  зор үлесін, аймақтың экологиясын сақтау жолындағы оның  принципті ұстанымын ерекше  атап өтті.   Каспий теңізінің ресейлік секторындағы күкірсутек кеніштерін игерудегі пайдалану ұңғымалары мен бұрғылау технологияларына, су асты мұнай құбырларының құрылысына арналған баяндамалар тыңдалды.  

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.