Ембіліктер С.Балғымбаев кен алаңының 50 жылдығын кең көлемде тойлады

06 қыркүйек, 2018

ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша (ЕМГ немесе Компания) С.Балғымбаев кен алаңының 50 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті. Оған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (КМГ ҰК) Басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ, ардагер мұнайшылар, ЕМГ басшылары мен Исатай ауданының  жұртшылығы қатысты. 

Исатай ауданының аумағындағы іргелі ұжым «Жайықмұнайгаз» МГӨБ–на қарасты С.Балғымабев кен алаңының 50 жылдығы бағдарламасының аясында бірқатар нысандар пайдалануға беріліп, мәдени шаралар  ұйымдастырылды.

С.Балғымбаев кен алаңындағы іске қосылған 150 орынды асхананың ашылу салтанатында сөз алған КМГ ҰК Басқарма төрағасының орынбасары Қ.ЕСҚАЗИЕВ Ембі кен алаңдарының барлығы да әлеуметтік нысандармен толықтай қамтылғанын, қазіргі таңда жаңғырту жұмыстарының қолға алынғанын атап өтті.

- Бүгін «Ембімұнайгаз» АҚ өте көне кен орындарын игеріп жатыр. Соған қарамастан әлеуметтік жағдайды жақсартып, жұмысшыларға көп көңіл бөліп отыр. Компанияның басты құндылығы - Сіздер, мұнайшылар! Әлеуметтік нысандарды жақсарту жұмыстары жалғасады. Уақыт бір орында тұрмайды. Болашақта бұдан да жақсы жетістіктеріміз көп болсын, -деді Құрманғазы Орынғазыұлы өзінің құттықтау сөзінде.  

С.Балғымбаев кен орнының орталық алаңында өткен марапаттау рәсімінде Ембі өндірісінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан бір топ  маман ҚР Энергетика министрлігінің "Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен,  «Самұрық-Қазына»ӘАҚ» АҚ Құрмет грамотасымен, «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ  Естелік белгісімен, «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ Құрмет грамотасымен, «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен және  Исатай аудандық әкімшілігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты шара кезінде күрделі жөндеуден өткен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бас кеңсесі тапсырылып,  Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде  өткен ақындар айтысына   республикалық деңгейде кең танылып жүрген ақындар қатысты. Орталық стадионда өткен Гала концертте Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары мен қазақ эстрадасының өнерлі жұбы Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина аудан жұртшылығы мен қонақтар алдында өнер көрсетті. 

ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің төл мерекесіне орай Компанияға қарасты барлық басқармаларда салтанатты шаралар өтіп, бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. 4-тамызда «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-не қарасты Кенбай кен орнында 100 орындық жатақхананың, 5-тамыз күні «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ қарасты Қисымбай кен орнында 50 орындық асхананың ашылу рәсімі өтсе, «Доссормұнайгаз» МГӨБ бойынша өткен салтанатты-марапаттау рәсімінде үздік мамандар ұлығыланды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 696 млрд. теңге шамасында, қайырымдылық пен демеушілік шараларына -2,3 млрд. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -2,8 млрд. теңге қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.