Қисымбайда – жаңа асхана

05 қыркүйек, 2018

2018 жылғы 5-тамызда Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-не қарасты Қисымбай кен орнында өткен салтанатты шарада 50 орындық асхананың ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

- Бұл асхананың жобасы  2015 жылы дайындалып басталды. Компанияның сол кездегі басшысы Құрманғазы Есқазиев осы идеяның авторы болған еді. Бүгін осы бастама іске асып, мұнайшылар күніне үлкен сый болыпа отыр. Өйткені, Қисымбай кен орнында 50 адам жұмыс жасайды. Бұған дейін мұнайшылар орынның тарлығына байланысты кезекке тұрып, тамақтанса, енді жаңа асхана барлық жұмысшыларға бір мезетте қызмет көрсете алады. Сонымен қатар, тамақтың сапалы болуын да бақылап отырмыз. Себебі, біз үшін ең бастысы – жұмысшыларымыздың өмірі мен денсаулығы!, - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ салтанатты шарада. 

Компанияда жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Атап айтсақ, өткен жылы «Жылыоймұнайгаз» басқармасына қарасты Ақінген кен орнында жаңа жатақхана салынса, биыл Құлсары қаласында мұнайшыларға арналып 32 орындық жатақхана бой көтерді.

Салтанатты шара барысында еселі еңбектері бағаланған бір топ мұнайшылар ұлығыланды. Атап айтсақ, Прорвадағы мұнай және газ өңдеу цехының №4 Ақтөбе-Досмұхамбетов кен орны бригадасының 5 разрядты жөндеушісі Нұрлыбек АХМЕТОВ ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. №2 Терең-Өзек мұнай және газ өндіру цехының мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бригадасының 4 разрядты жөндеушісі Ерболат МИРМАНОВҚА «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Құрмет грамотасы, ал, басқарманың өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары Әлібек КӘРІМБАЕВҚА Естелік белгісі табыс етілді.

Аталған мұнай-газ өндіру басқармасының Прорвадағы мұнайды дайындап айдау цехының механигі Қуандық ҚҰРБАНОВ, Құлсарыдағы мұнайды дайындап айдау цехының Қисымбай мұнайды дайындап айдау телімінің тауар операторы Байжұма ЖАЛҒАСБАЕВ, Құлсарыдағы ұңғыларды жерасты жөндеу операторы Құдайберген АМАНҚОСОВ, Прорвадағы ұңғыларды жерасты жөндеу цехының 6 разрядты көтергіш машинисі Талап КЕРШУБАЕВ, №1 Қосшағыл мұнай және газ өндіру цехының мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бригадасының 4 разрядты жөндеушісі Есет КЕНЖЕҒАЛИЕВ  «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұған қоса, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Құлсарыдағы автокөлік және арнаулы техника керуенінің 6 разряд мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына қызмет көрсету агрегатының машинисі Марат СӘЛІМГЕРЕЕВКЕ, Прорвадағы автокөлік және арнаулы керуенінің 6 разряд бульдозер машинисі Жұма ӨМІРЗАҚОВҚА, Прорвадағы нысандарды ағымдағы жөндеу учаскесінің 5 разряд ағаш шебері Есенгелді БАЙТАНАТОВҚА, Құлсарыдағы өндірістік құралдарды жөндеу және пайдалану цехының 5 разряд жөндеушісі Ақылбек СЕНҒАЛИГЕ, зерттеу жұмыстар цехының 4 разряд ұңғыларды зерттеу операторы Айбек САҒЫНБАЕВҚА ЕМГ Алғыс хаты табыс етілді. 

Елу орынға негізделген асхананың керілген лентасы қиылған соң, меймандар жаңа нысанды аралады.

Сонымен қатар, Доссор мәдениет үйінде де кәсіби мерекеге орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Доссорлық мұнайшыларды ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары С.Нақпаев, Мақат ауданының әкімі Жұмабай ҚАРАҒАЕВ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшысы Амангелді СҮЛЕЙМЕНОВ құттықтап, үздік жұмысшыларды марапаттады.

Атап айтсақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Естелік белгісімен Қамбар ЖОЛАЕВ марапатталды. Жерасты байлығын игеріп, елдің кәдесіне жарату жолында аянбай еңбек етіп жүрген Жәнібек ҚҰЛҒАЛИЕВ, Берік ТАНАШЕВ, Жанұзақ СҰЛТАНОВ, Сәндібек ӘДІЛОВ, Мәлік САЛИЕВ Құрмет грамотасына,  Елібай МЫРЗАҒАЛИ, Сисенғали АҚМҰРЗИЕВ, Данияр БИСЕНОВ, Жақсыбек САРБАЛИН Алғыс хаттарға ие болды. Сонымен қатар, басқа да қызметкерлер мен сала ардагерлері марапатталды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 696 млрд. теңге шамасында, қайырымдылық пен демеушілік шараларына -2,3 млрд. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -2,8 млрд. теңге қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.