Кенбайлық жұмысшыларға жаңа жатақхана

04 қыркүйек, 2018

2018 жылғы 4-тамызда Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-не қарасты Кенбай кен орнында өткен салтанатты шарада 100 орындық жатақхана пайдалануға берілді.

- Компанияда жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлініп келеді. «Қайнармұнайгаз» басқармасында 2017 жылы  азық-түлік сақтайтын 2 мобильдік вагон, канализация суын тазалап, буландыратын қондырғы іске қосылды, басқарманың кеңсесі күрделі жөндеуден өтті. Уаз кен алаңында 30 орынды жатақхана ашылды және тағы басқа жұмыстар жасалды. Ендігі алдымызда тұрған мақсат – жатақханаларымызды заманға сай типтік жүйеге көшіру. Осыған орай өткен жылы 500-ге жуық адам жұмыс жасайтын Кенбай кен орнында модульдік жатақхананың құрылысы басталды, - деп кенбайлық мұнайшыларды «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі  орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ құттықтады. 

Сонымен қатар, салтанатты шараға қатысқан Қызылқоға ауданының әкімі Арман БАЖЕНОВ пен аудандық мәслихат хатшысы Толқын БЕЙСҚАЛИ мұнайшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін арнады.

Жаңа жатақхана екі қабаттан тұрады, барлық бөлмелер екі адамға арналған. Қажетті бөлмелермен, киім кептіретін, үтектейтін бөлмелермен, қажетті техникалармен толық қамтылған. 

Салтанатты шара барысында аталған мұнай-газ өндіру басқармасының өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары Нұрболат АХМЕТОВ «KAZENERGY» Ассоцациясының Алғыс хатымен марапатталса, ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының 5-дәрежелі операторы Еркебұлан ҚАРАБАЕВ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы табысталды. Кенбай мұнай-газ өндіру цехының 5-дәрежелі операторы Ерболат ЖҰМАҒАЛИЕВҚА «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Естелік белгісі табыс етілді.

Уаз, Қондыбай, мұнай және газ өндіру бөлімшесі бастығының орынбасары Эльдар ЕСЕНҒАЛИЕВ, Кенбай мұнай және газ өндіру цехы қабат қысымын ұстау бөлімшесінің машинисі Тайман СҮНДЕТОВ, мұнай дайындау және айдау цехының технологиялық сораптар машинисі Серік ЖАҚЫПОВ, зерттеу жұмыстары цехының ұңғымаларды зерттеу жөніндегі операторы Ержан ТАНАТОВ, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы Алаш ҚАБИЕВ «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ жылу, газ, сумен қамтамасыз ету бөлімшесі бастығының орынбасары Самат ҒАЛЫМЖАНОВҚА, арнаулы техника және автокөлік колоннасының цементтеу агрегатының моторисі Жоламан ОРАЗБАЕВҚА, қолданыстағы құрал-жабдықтарды жөндеу және прокаттау бөлімшесін электр газымен дәнекерлеуші Жақсылық КАСЕНОВКЕ, Б.Жоламанов мұнай және газ өндіру бөлімшесінің жұмысшы агентті қабатқа сіңіретін сорап стансасының машинисі Қанат ҚҰТЖАНҒА Компанияның Алғыс хаты табысталды.

Жаңа жатақхананың керілген лентасын ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары С.Нақпаев пен аудан әкімі А.Баженов салтанатты түрде қиды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: +7 (7122) 99-32-09;

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 696 млрд. теңге шамасында, қайырымдылық пен демеушілік шараларына -2,3 млрд. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -2,8 млрд. теңге қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.