Ембінің мұнайшы қыздары өзін-өзі дамыту мақсатындағы көшпелі тренингке қатысты

20 тамыз, 2018

13-15.08.18 ж. күндері аралығында Алматы қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) «Мұнайшы қыз» клубының ұйымдастыруымен өзін-өзі дамыту, өзіне деген сенімділікті арттыру мақсатында тренинг өтті. Көшпелі тренингке Компанияға қарасты алты басқармадағы клуб жетекшілері мен  белсенді мүшелері қатысты.   

Мұнайшы қыздар арасында тренингті ұйымдастыру арқылы Компанияда еңбек етіп жатқан мұнайшы қыздардың жеке және іскер қабілеттерін арттыруға мән беріп отырмыз –деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА .

Мұнайшы қыздарға арналған тренингті Халықаралық «FranklinCovey» компаниясының қазақстандық сертификатталған тренері Айнұр Ботаханова жүргізді.  Тренинг  американдық жазушы, психолог  Стивен Ковидің әлемге кең танылған еңбегі  «Жоғары тиімді тұлғалардың 7 дағдысы» атты кітабының негізінде жүргізді.  

3 күнге созылған тренингте   мұнайшы қыздар ұжымдағы бірлік пен татулықты нығайтуды мақсат еткен ішкі коммуникация талаптарын сақтау жолдарына қатысты әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, ішкі потенциалды нығайтуға қатысты құнды кеңестерді тыңдады.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 696 млрд. теңге шамасында, қайырымдылық пен демеушілік шараларына -2,3 млрд. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -2,8 млрд. теңге қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.

 

 

 

   

 

АО «Эмбамунайгаз» осуществляет свою деятельность в соответствии с международными стандартами ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001.