«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) Apec Petrotecnic  Жоғары технологиялық мектеп түлектеріне еңбек кітапшаларын табыс етті

12 шілде, 2018

13 маусым күні Құрманғазы мәдениет сарайында өткен Apec Petrotecnic Жоғары технологиялық мектеп түлектеріне диплом табыстау салтанатты шарасында ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ аталған оқу орнының 5 түлегіне жұмысшы мамандықтар бойынша дуалды оқыту бағдарламасынан өткендігін растайтын еңбек кітапшаларын табыстады. Бұған қоса, ЕМГ-нің шәкіртақы бағдарламасы бойынша білім алған 2 түлек Компанияға жұмысқа шақырту алды.

Студенттерге арналған дуалды оқыту бағдарламасы 2015 жылы Компанияның сол кездегі Бас директоры Құрманғазы Есқазиевтің бастамасымен жүзеге аса бастады. Жыл сайын студенттер бірнеше ай бойы жұмысшы мамандықтар бойынша кен алаңдарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Мұнайшылармен бірге сол жерде тұрады. Сондықтан, олардың деңгейі өзге түлектерге қарағанда басым келеді. Себебі, дипломмен қоса, оларға алғашқы еңбек өтілі жазылған еңбек кітапшалары беріледі, - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.

Бағдарлама сәтті жүзеге аса бастаған үш жылда ЕМГ-нің өндіріс алаңдарында 69 студент даярлаудан өтті, соның ішінде, 20-сы – Apec Petrotecnic колледжінің шәкірті. Естеріңізге сала кетейік, Компанияның өндірістік нысандарында дуалды оқыту бағдарламасына қатыспас бұрын студенттер өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша арнайы курстардан өтеді. Студенттердің тұрғылықты жері, тамақтануы, көлікпен, арнайы киіммен және ай сайын өтемақылық төлемдермен  қамтылуын ЕМГ өз жауапкершілігіне алады. 

ЕМГ-нің әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 түлектің оқу ақысын төлеуді өз мойнына алған шәкіртақы бағдарламасы  2015 жылы жүзеге аса бастады. Әр курсқа оқу ақысын төлеу үшін қойылған басты шарт – сабақ үлгерімінің жақсы болуы.

Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.