22 маусымда Қазақстан-Британ техникалық университеті Консультативтік кеңесінің кезекті кеңесі болды

29 маусым, 2018

Дәл осы күні 2018 жылғы түлектерге диплом тапсыру салтанатты шарасы да өтті. «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы атынан түлектерді Басқарма төрағасы Әнуар Еркінұлы ЖАҚСЫБЕКОВ құттықтады.

«Ембімұнайгаз» АҚ жауапкершілігі мол жер қойнауын пайдаланушы компания ретінде Қазақстан-Британ техникалық университетімен ұзақ уақыттан бері тұрақты байланыста. Келісімшарт міндеттемелерін жүзеге асыру аясында қазақстандық мамандарды дайындауда Компания 2012-2017 жылдарда  университеттің 100 –ден астам студентінің оқуына қаржылай демеушілік көрсетті. Студенттердің диплом алды және өндірістік практикасын    ұйымдастыру барысында 2012-2018 жылдар аралығында Ембі кен алаңдарында университеттің 150-ден астам студенті  практикадан өтті.

«Дуалдық оқыту» пилоттық жоба аясында 2016 жылы КБТУ 20 студенті «Ұңғымаларды зерттеу операторы» мамандығы бойынша өндірістік оқудан және практикадан өтті.

«Ембімұнайгаз» АҚ - еліміздегі өзінің өндірістік алаңдарында дуалдық оқыту жүйесін енгізген алғашқы компания. Оқу үлгерімі бойынша іріктеу сынағынан сәтті өткен студенттер мұнай-газ өндіру операторы, қондырғыны сусыздандыру мен тұзсыздандыру операторы  жұмысшы мамандықтары бойынша  өндірістік практикадан және оқу бағдарламасынан өтуде.Жобаны жүзеге асыру кезінде, 2015-2017 жылдарда «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай-газ өндіру басқармаларының базасында 69 тәлімгер дуалдық оқыту бағдарламасынан өтіп,  олардың 16-сы компанияға жұмысқа орналасты.