2018 жылдың 25-26 маусым аралығында Атырау қаласында болған "SMART OIL&GAS: Цифрлау. Технология.Көшбасшылық" Саммитінің аясында «Ембімұнайгаз» АҚ технологиялық тур өтті

28 маусым, 2018

2018 жылдың 25-26 маусым аралығында Атырау қаласында болған  "SMART OIL&GAS: Цифрлау. Технология.Көшбасшылық" Саммитінің аясында «Ембімұнайгаз» АҚ технологиялық тур өтті. Шараға қатысушылар Компанияның мұражайымен және  Ембі интеллектуалды кен алаңдары жүйесін  басқару орталығымен  танысты. Компания басшысы- «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Еркінұлы ЖАҚСЫБЕКОВ қонақтарды мұражаймен және өндірістік процессті бақылау орталығының жұмыстарымен таныстырды.