ҚР астанасы-Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай Компания немесе ЕМГ) зейнеткерлерінің арасында II спорттық ойындар өтті

22 маусым, 2018

Спорт ойындары 2018 жылдың 20-21 маусым аралығында С.Балғымбаев кен алаңында ұйымдастырылды. Шараға ЕМГ-нің өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде еңбек етіп, құрметті еңбек демалысына шыққан Компанияның 70-ге тарта зейнеткері қатысты.

Спорттық шараларды ұйымдастыру Компаниямызда дәстүрге енген. Биылғы спорт ойындары ел астанасының 20 жылдық мерекесіне арналып отыр. Зейнеткерлер шараға белсенді қатысуымен қатар  жас мұнайшылардың тәрбиесіне және олардың бойында патриоттық сезім мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлгі көрсетуде. Спорт ойындары кезінде зейнеткерлер шеберліктерін танытып, жеңіске, командалық ойындарға деген құлшыныстарын көрсетті,- деп атап өтті  шараның ашылу  салтанатында ЕМГ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағыт СМАТУЛЛИН.   

 Сайыс барысында жеңімпаздар анықталды:

  • Ерлер арасында асық ату сайысынан 1-орынды ЕМГ орталық аппаратының зейнеткері Амангелді Ерғалиев иеленсе, 2-орынды «Қайнармұнайгаз» МГӨБ зейнеткері  Бөлекбай Досалиев, 3-орынды «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Есенгелді Отаров алды.
  • Әйелдер арасында асық ату сайысынан Тұрған Тлекбаева («Жылыоймұнайгаз МГӨБ) топ жарса, 2 және 3 орындарды ЕМГ орталық аппаратының зейнеткері Алтынай Көптлеуова мен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Мақпал Отарова өзара бөлісті.
  • Ерлер арасында бильярд ойынынан «Ембімұнайэнерго» басқармасының зейнеткері Әспенбет Әбуғалиев иеленсе, зейнеткер Мақсат Қилыбаев («Доссормұнайгаз» МГӨБ) 2-орынды, зейнеткер Қибас Қалдыбаев («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ) 3-орынды қанжығаларына байлады.
  • Ерлер арасында шашкадан 1-орынды «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Гайдар Арыстанов, 2-орынды «Ембімұнайэнерго» басқармасының зейнеткері Әспенбет Әбуғалиев, 3-орынды «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Құрмет Тулешов өзара бөліске салды.
  • Әйелдер арасында шашкадан Қарлыға Алтыналиева «Доссормұнайгаз» МГӨБ зейнеткері 1-орынды, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Ботакөз Құлғалиева 2-орынды, ал, 3-орынды «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Роза Өмірбекова иеленді.
  • Ерлер арасында ұзындыққа секіру сайысы бойынша Айбек Адиров «Қайнармұнайгаз» МГӨБ зейнеткері топ жарса, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Сырым Тұрғалиев пен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Гибатолла Ғұбашев 2және 3 орындарды бөлісті.
  • Әйелдер арасында ұзындыққа секіру сайысы бойынша зейнеткер Рыспеке Қарашиева («Доссормұнайгаз» МГӨБ) 1-орынды, Дариға Өтеулиева («Қайнармұнайгаз» МГӨБ) 2-орынды, 3-орынды («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ) зейнеткер Роза Өмірбекова иеленді.
  • Ерлер арасындағы тоғызқұмалақ ойынынан  сайыста «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Гайдар Арыстанов 1-орынды, «Доссормұанйгаз» МГӨБ зейнеткері Аманжол Шәкірбаев 2-орынды, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Бердеш Құспанов 3-орынды иеленді.
  • Әйелдер арасындағы тоғызқұмалақ ойынынан  сайыста топ жарған «Жайықмұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Жаннат Махмутқызы, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Роза Тасбулатова мен «Доссормұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Гүлбаршын Беккалиева 2-3 орындарды иеленді.
  • Ерлер арасында шахматтан сайыста зейнеткер Ислам Әбілғазиев («Доссормұнайгаз» МГӨБ) 1-орынды, 2-орынды зейнеткер Ақпан Қонысбай («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ), 3-орынды зейнеткер Айбек Адиров («Қайнармұнайгаз» МГӨБ) жүлделерді өзара бөліске салды.
  • Әйелдер арасында шахматтан сайыста «Жайықмұнайгаз» МГӨБ зейнеткер» Жаннат Махмутқызы топ жарды. 2-3 орындарды «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ зейнеткері  Мұстахима Исаинова мен «Доссормұнайгаз» МГӨБ зейнеткері Сауле Бегешовалар иеленді.

 Жалпы командалық есеп бойынша 1-орынды «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ командасы, 2-орынды «Доссормұнайгаз» МГӨБ командасы, 3-орынды «Жайықмұнайгаз» МГӨБ командасы иеленді.

 Сонымен қатар, әділ қазылар алқасының мүшелері ЕМГ Ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 696 млрд. теңге шамасында, қайырымдылық пен демеушілік шараларына -2,3 млрд. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -2,8 млрд. теңге қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.