«Ембімұнайгаз» АҚ (Компания немесе ЕМГ) Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау (экологтар күні) және Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай үздік мамандарды марапаттады

20 маусым, 2018

«Ембімұнайгаз» АҚ (Компания немесе ЕМГ)   Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау (экологтар күні) және Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне  орай үздік мамандарды анықтап, 2017 жылғы өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау  байқауының  қорытындысы бойынша үздік мамандарды  марапаттады.

Құлсары қаласында осы кәсіби мерекеге орай салтанатты жиын өтті. Шараға өнеркәсіптің өндірістік күйіне, еңбекті  және қоршаған ортаны қорғауға, өрт және электр қауіпсіздігіне бақылау жасау  бойынша  тұрақты жұмыс жасайтын комиссияның мүшелері мен 6 құрылымдық бөлімшенің еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінің жетекшілері қатысты. Барлығы 120 адам.

- «Ембімұнайгаз» АҚ-да өндірістік қауіпсіздікті қалыптастыру, еңбекті қорғау және   өрт қауіпсіздігін болдырмау негізгі бағыттардың бірі. Бүгінгі шараның мақсаты- өткен жылы өндіріс саласында қауіпсіздік талаптардың сақталуына, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының сақталуында белсенділік танытқан мамандардың еңбегін бағалау,-деп атап өтті салтанатты жиында  ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат ҒАБДУЛЛИН.

Мұнай–газ саласының дамуына және еңбекті қорғау жұмысына белсене араласқаны үшін  дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

  1. БАХИТОВА Гүлбану, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі аға инженері;  
  2. ҚАНАЕВ Мұхамбет, «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының № 1 Қосшағыл мұнай және газ өндіру цехының аға инженері;
  3. ТАНБАЕВА Сақыбжамал,«Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің 2- категориялы инженері;
  4. БИҒАЛИЕВ Мұрат , «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімі бастығының орынбасары;
  1. КАМИЕВ Руслан, «Ембімұнайэнерго» басқармасының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау тобының жетекшісі;
  2. ҚҰРМАНТАЕВ Аманжан, «Ембімұнайэнерго» басқармасының Мақат аудандық электр торабының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі  инженері; 

Мұнай–газ саласының дамуына және еңбекті қорғау жұмысына белсене араласқаны үшін  дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай    «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Алғыс хатымен марапатталғандар:

  1. АБЕЖАН Қуанғали, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының №2 мұнай және газ өндіру цехының бастығы;
  2. МҰСАНОВ Қазыбек,«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі  инженері;
  3. АЙТЖАНОВ Ержан,«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Кенбай мұнай және газ өндіру цехының бастығы;
  4. ТОҚПАҚОВА Болган,«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі аға инженері;
  5. БИСЕНҒАЛИЕВ Ерлан,«Ембімұнайэнерго» басқармасының Қайнар аудандық электр торабының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі инженері;

 Жоғарғы кәсіби деңгейі және қоршаған ортаны қорғау жұмысына белсене араласқаны үшін  дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай (экологтар күні) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Алғыс хатымен марапатталғандар:

  1. БЕКЕШОВА Галя, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы; 
  2. ДАВЛЕТАЛИЕВА Эльмира,«Ембімұнайгаз» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 1 категориялы инженері;

Мұнай–газ саласының дамуына және еңбекті қорғау жұмысына белсене    араласқаны үшін  дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай   «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталған:

  1. САМАЛИКОВА Гүлшат, «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы;
  2. БИСЕНОВ Қази,«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы;
  3. МАНГИБАЕВ Талгат, «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы;
  4. ЕСМҰХАНОВ Қуандык,«Ембімұнайгаз» АҚ еңбекті қоршаған ортаны қорғау департаментінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженері;
  5. ДАУЛЕНБАЕВА Гүлбақыт,«Ембімұнайгаз» АҚ еңбекті қоршаған ортаны қорғау департаментінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 1 категориялы инженері;
  6. ҚАНАТБАЕВ Бақытжан,«Ембімұнайгаз» АҚ еңбекті қоршаған ортаны қорғау департаментінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аға инженері;
  7. ТӨРЕҒАЛИЕВ Дармен, «Ембімұнайгаз» АҚ еңбекті қоршаған ортаны қорғау департаменті директорының орынбасары.

Мұнай–газ саласының  дамуына және еңбекті қорғау жұмысына белсене араласқаны үшін  дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай      «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Алғыс хатымен марапатталғандар:

  1. ТАЖЕНОВ Маратбек, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының мұнай және газ өндіру цехының бастығы;
  2. ҚАЛИБЕКОВА Асель, «Ембімұнайгаз» АҚ еңбекті қоршаған ортаны қорғау департаментінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 1 категориялы инженері;
  3. САЙМАСАЕВА Эльмира, «Жылыоймұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің аға инженері;
  4. МАҚАШЕВ Талгат,«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қоршаған ортаны қорғау бөлімі бастығының орынбасары;
  5. ӘБІШ Мақсот, «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Кенбай кен орны мұнай газ өндіру шебері;
  6. ӨТЕНОВА Динара,«Ембімұнайэнерго» басқармасы қоршаған ортаны қорғау бөлімінің инженері;

2017 жылғы өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау  байқауының  қорытындысы бойынша үздік мамандарға дипломдар мен ақшалай сертификатты А.Ғабдуллин табыс етті.  

Байқау-конкурсының жеңімпаздары деп танылғандар:

 «Ұңғымаларды жер асты жөндеу үздік бригадасы» номинациясы бойынша ( бригада ұжымы дипломмен, 250 000 теңге сертификатымен  және  Сарыағаш қаласында орналасқан «Ақ тілек»  шипажайына 2  адамдық  жолдамамен марапатталды)

- «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының «Ботақан» кен орны № 11 бригадасы.  (Шебер ҚУАНТАЕВ Ардақ) ;

- «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының «Жаңаталап» кен орны № 13 бригадасы. (Шебер МАЖИТОВ Сержан); 

- «Кайнармұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының № 1 бригадасы. (Шебер СЕРІКОВ Асылбек) ;  

- «Жылыоймұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының №2  бригадасы. (Шебер КУБЕСОВ Амантай);  

«Үздік арнайы техника жүргізушісі» номинациясы бойынша (дипломмен, 110 000 теңге ақшалай сыйлықпен және Сарыағаш қаласында орналасқан «Ақ тілек»  шипажайына 2  адамдық  жолдамамен марапатталды):

- Сарсекбаев Байболат, «Жайыкмұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының арнайы техникасының   АЦН жүргізушісі;

- Сейтқалиев Ербол, «Кайнармұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының арнайы техниканың  цементтеу агрегатының машинисті;  

- Қаржауов Слюмен, «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының арнайы техника жүргізушісі; 

- Долгошеев Виталий, «Ембімұнайэнерго» басқармасының арнайы техника жүргізушісі;  

«Үздік цех» номинациясы бойынша (цех ұжымы дипломмен, бағалы сыйлықпен және 250 000 теңге сертификатпен марапатталды):

- «Жайықмұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының «Оңтүстік – Батыс Қамысты» кен орыны  №2 мұнай- газ өндіру цехы (цех бастығы -Әбежан Қуанғали);   

 - «Жылыоймұнайгаз» мұнай -газ өндіру басқармасының «Терең – Өзек» кен орны цехы (цех  басшысы- Нұрмашев Қанат) ;

-«Қайнармұнайгаз» мұнай -газ өндіру басқармасының «Уаз, Қондыбай» кен орнының участкесі (участке  басшысы-  Сәлімгереев Сабит);

«Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» номинациясы бойынша (дипломмен, бағалы сыйлықпен және 60 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды):

 - МАМБЕТОВ Дулат, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ «Кенбай» кен орны мұнай газ өндіру операторы,

- ШЕГІРОВ Талғат, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва  мұнай дайындау және айдау пунктінің операторы,   

- АБЕНОВ Айбек, «Доссормұнайгаз» МГӨБ «Алтыкөл» №4  мұнай газ өндіру цехының насостық станция машинисі,   

«Өндіріс нысандарындағы үздік жатақхана» номинациясы бойынша (жатақхананың ұжымы дипломмен, 110 000 теңге сертификатпен және Сарыағаш қаласында орналасқан «Ақ тілек»  шипажайына 2  адамдық  жолдамамен марапатталды):

-«Жайықмұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының «Забурунье» кен орнының жатақханасы   ( коменданты – Отарова Қалыгүл).

-«Кайнармұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының «Кенбай» №1 кен орнының жатақханасы   (коменданты- Исабаева Айтолқын)    

- «Доссормұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының «Ботақан» кен орынының  жатақханасы (коменданты Қасанова Әлия)   

 «Мінез – құлық бақылау қауіпсіздігі және Алтын ережені орындау» номинациясы   бойынша (дипломмен, 110 000 теңге сертификатпен және Сарыағаш қаласында орналасқан «Ақ тілек»  шипажайына 2  адамдық  жолдамамен марапатталды):

 - ТУЛЕШБАЕВ Мейрамбай, «Жайықмұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының «Газ дайындау» участкесінің басшысы,

- ЕЛЕМЕСОВ Бейбит , «Доссормұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының «Ботақан»  цех басшысы,    

- АЙТЖАНОВ Ержан ,«Қайнармұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының «Кенбай»   цех басшысы,      

«Үздік инженер - эколог» номинациясы бойынша (дипломмен, бағалы сыйлықпен және 150 000 теңге сертификатпен марапатталды):

- Иманғалиева Гүлзада,  «Жылыоймұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының инженер – экологі

«Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженері» номинациясы бойынша (дипломмен, бағалы сыйлықпен, 110 000 теңге сертификатпен және Сарыағаш қаласында орналасқан «Ақ тілек»  шипажайына 2  адамдық жолдамамен марапатталд):

- БАЛҒИМБАЕВА Ағила, «Ембімұнайэнерго» басқармасының еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі бөлімінің инженері

- ТУЛЕШОВ Мақсот, «Жылыоймұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі бөлімінің инженері,   

- ТАҢБАЕВА Сакыпжамал, «Доссормұнайгаз» мұнай- газ өндіру басқармасының еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі бөлімінің инженері,

«Оқиғасыз 1000 күн» номинациясы бойынша (дипломмен, бағалы сыйлықпен және

1 000 000 теңге сертификатпен марапатталады):

 - «Жылыоймұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасы. (Еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Құлбалиев Қайратқа табыс етілді)

ЕМГ ұжымы атынан барлық марапат иелерін құттықтаймыз !

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.