«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі Компания немесе ЕМГ) «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі ҚМГ ҰК) компаниялар тобы қызметкерлерінің спартакиадасына іріктеу турнирі өтті

14 маусым, 2018

2018 жылдың 6-8 күндері аралығында «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-нің «Каспий самалы» мұнайшылардың вахталық поселкесінде өндірістік құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі ӨҚБ) қызметкерлерінің арасында спорттық жарыстар өтті. ҚМГ ҰК компаниялар тобы қызметкерлері спартакиадасының финалдық кезеңі ағымдағы жылдың шілде айында Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылады.   

Іріктеу жарысына ӨҚБ-дан 100-ден аса жұмысшы қатысты. Негізгі турлар вахталық қалашықтың үлкен спорт залында өтті. 

Тартысқа толы бәсекелер нәтижелері төмендегідей болды:

  • Ерлер арасында баскетболдан І орынды «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ командасы жеңіп алса, ІІ орын «Қайнармұнайгаз» МГӨБ командасына бұйырды. Ал, ІІІ орынды «Ембімұнайэнерго» командасы еншіледі;
  • ерлер арасында волейболдан І орынды «Жайықмұнайгаз» МГӨБ командасы иеленді, ал, «Доссормұнайгаз» бен «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ командалары ІІ және ІІІ орындарды бөлісті;
  • қыздар арасында волейболдан «Жайықмұнайгаз» МГӨБ командасы жеңіс тұғырынан көрінді. «Доссормұнайгаз» МГӨБ командасы ІІ орынды иеленсе, ІІІ орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ командасында;
  • ерлер арасында үстел теннисінен «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қызметкері Арслан Джиеналиевке тең келер ешкім болмады. Ал, ІІ орын «Доссормұнайгаз» МГӨБ-нен Самат Есқараевқа бұйырды. ІІІ орынға «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ қызметкері Серік Омаров қол жеткізді;
  • қыздар арасында үстел теннисінен І орынды «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нен Тамара Сабирова жеңіп алды. ІІ орынды «Доссормұнайгаз» МГӨБ-нен Светлана Орынтаева еншіледі. Ал, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қызметкері Гүлжайна Ғұмарғалиева ІІІ орынды иеленді;
  • ерлер арасында шахматтан «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-нен Білімпаз Қабдолов І орынға қол жеткізді. «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қызметкері Ғабиден Шаңқанов – ІІ орын, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нен Сырым Мұратов ІІІ орынды иеленді;
  • қыздар арасында шахматтан «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нен Ақмарал Усалиева алдына жан салмады, ал, Гүлшат Жұмалиева ( «Доссормұнайгаз» МГӨБ) мен Мугилсин Молдабаева («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ) ІІ және ІІІ орындарды алды;
  • ерлер арасында тоғызқұмалақтан ӨТҚжЖКБ қызметкері Тұрар Естеков жеңіске жетсе, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-нен Рахымжан Теміров - ІІ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нен Мереке Сарин ІІІ орындарды иеленді;
  • қыздар арасында тоғызқұмалақтан «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нен Айнұр Меңдібай жеңіске жетсе, Айнұр Аймақова («Доссормұнайгаз» МГӨБ) мен Гүлзира Алдашева («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ) ІІ және ІІІ орындардан көрінді.
  • 80 келіге дейінгі армрестлингтен І орынды «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нен Берік Қалешев қанжығасына байласа, Шәкәрім Қылышниязұлы («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ) – ІІ, Алтынбек Әжігұл («Доссормұнайгаз» МГӨБ) ІІІ орындарды жеңіп алды.
  • 80 келіден артық қол күресінен «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-нен Әнуарбек Дюсемалиевтен мықты ешкім табылмады. «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нен Арман Сағадаевқа ІІ орын бұйырса, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-нен Данияр Қалабаев ІІІ орынд иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Ембімұнайгаз» АҚ атынан әлеуметтік саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Амантай Дүйсеғалиев пен «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бастығы Мақсот Наукенов дипломдармен марапаттады.

Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.