«Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ немесе Компания) Ембі өндірістік базалардағы қоғамдық тамақтану нысандарын тиімді басқару бойынша семинар-форум өтті

05 маусым, 2018

Семинар-форумға құрылымдық бөлімшелердегі әлеуметтік саясат бөлімдерінің өкілдері, вахталық поселкелер жатақханасының коменданттары, ЕМГ өндірістік нысандарында қызметкерлердің тамақтануы бойынша қызмет көрсететін  «KMG EP-Catering» ЖШС мердігер мекемесінің басшылығы мен орта басқарушылық топ өкілдері қатысты.  

- Форум өткізудегі негізгі мақсатымыз – ембілік мұнайшыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру. Тамақтандыруды ұйымдастыру барысында қатаң талап қойылған компанияларда ешқандай сұрақтар туындамауы керек, жоғарғы стандартты қызмет көрсету сақталуы тиіс,- деп атап өтті өз сөзінде ЕМГ инфрақұрылымдық нысандарды және сервисті басқару департаментінің директоры Сансызбай КҮМІСҚАЛИЕВ.

Семинар-форум барысында қатысушылар ағымдағы жағдайға қатысты талдау жасап, Компания қызметкерлерін тамақтандыруды  сапалы  ұйымдастыру бойынша    шаралар жасақтады. Тамақтандыруды ұйымдастыру үдерісін жаңғырту және халықаралық, соның ішінде ХАССП стандартарын енгізу мәселелері қаралды.

Инфрақұрылымдық нысандарды және сервисті басқару департаментінің маманы Алмаз ЖҰМАЛИЕВ «KMG EP-Catering» ЖШС-нің орта басқарушылық топ қызметкерлерінің жұмыстарына талдау жасады. Мамандарды дайындау, ішкі оқыту жүйелері, еңбекті бөлу,  үй-жайлар экспликациясы  мен  өндірістік үдерістерге бақылау орнату сауалдары көтерілді.

Құрылымдық бөлімшелердегі әлеуметтік бөлімдерінің өкілдері, жатақханалардың коменданттары, инфрақұрылымдық нысандарды және сервисті басқару департаментінің мамандары  қатысқан семинар-форумның екінші бөлімінде   мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайын жақсарту мәселелері талқыланып,  басқа да өндірістік сауалдар көтерілді.   

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде