«Ембімұнайгаз» АҚ (Компания немесе ЕМГ) экологтары Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау (Экологтар күні) мерекесіне орай корпоративтік марапаттарға ие болды

05 маусым, 2018

Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай мерекелік шара өтті. Атырау облыстық табиғат ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастыруымен болған  салтанатты  жиынға   аймақтық мемлекеттік органдардың, мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ардагер экологтар қатысты.   

«Ембімұнайгаз» АҚ өзінің келісімшарт аймақтарында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарып келеді. Ауаға жіберілетін өндірістік қалдықтардың көлемін азайту  мақсатында ілеспе газды пайдаға жарату Бағдарламасын жүзеге асыру үшін Исатай, Мақат, Жылыой аудандарындағы өндірістік нысандарда үш қондырғы салынып, іске қосылды. Осы арқылы ЕМГ газды ауаға жақпай, Атырау облысындағы үш ауданның тұрғындарын көгілдір отынмен қамтып отыр. Компания өндіріс қалдықтарын өңдеу бойынша жүйелі ісшаралар ұйымдастырып, мұнай қалдықтары төгілген жер қабатын тазалауды жүзеге асыруда. Биыл 100 мың тоннадан астам тарихи ластанған  топырақты биоремедиация әдісімен тазалау жоспарланып отыр,-деп атап өтті салтанатты жиындағы сөзінде  ЕМГ Басқарма төрағасы  Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.

 Ембі кен алаңдарында қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау барысында табысты еңбектерімен көзге түскен бір топ мамандар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиында Ә.Жақсыбеков «Жылыоймұнайгаз» МГӨ басқармасының  қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Қази Бисенов пен  Орталық басқару аппаратының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 1 категориялы инженері Гүлбақыт Дәуленбаеваға  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Құрмет грамотасын табыс етті.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.