«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) Басқарма төрағасы Ә.Е.ЖАҚСЫБЕКОВ «Қайнармұнайгаз» және «Доссормұнайгаз» МГӨБ өндірістік нысандарын аралады

05 сәуір, 2018

2018 жылғы 3-4 сәуір күндері аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков өндірістік құрылымдық бөлімшелер – «Қайнармұнайгаз» және «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларының өндірістік нысандарында жұмыс сапарымен болды.

Сапардың алғашқы күні Компания басшысы «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің Б.Жоламанов мұнай-газ өндіру цехының әкімшілік ғимаратында қауіпсіздік техникасы жөніндегі міндетті нұсқамадан соң, орталық мұнай жинау паркінің, автокөліктер мен жатақханалар үшін арка ғимаратының жұмысымен танысумен басталды.

Кейін Кенбай кен орнындағы Солтүстік Қотыртас учаскесінде ІІ су көтергіш сорапты қайта жасақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, май қазандары мен 100 орынды жаңа модульдік жатақхананың жағдайымен танысты. Бұдан соң Шығыс Молдабек учаскесіндегі әкімшілік ғимараттың, алдын-ала су жіберетін қондырғылардың бұрандалы сораптарының жаңа сынақ стендтері мен суды жинау және қабат қысымын сақтап тұратын №1 тік резервуардың, жинау орнының, №24 суды бөлу пунктінің жұмыстарын бақылады. Сонымен қатар, ұңғымаларды жерасты жөндеу агрегаты білдегінің жұмысымен танысып, негізгі құралдарды және металл сынықтарын уақытша сақтауға арналған стеллаждар тексерілді.

Булану алаңдарын, арнаулы техника мен автокөлік колоннасы көлік қоймаларын, Қайнар вахталық поселкесінің мұражайы мен демалыс орындарын аралағаннан кейін мәжіліс залында «Қайнармұнайгаз» МГӨБ басшылық тобының қатысымен қорытынды жиын өтіп, өндірістік мәселелер талқыланды.

Жұмыс сапарының екінші күні Солтүстік Жолдыбай кен орнындағы нысандарды аралаумен жалғасты. «Доссормұнайгаз» МГӨБ Шығыс Мақат мұнай дайындау және айдау цехының, газды дайындау учаскесінің, өндірісішілік жолдардың жағдайларының жұмысы тексерілді. Қарсақ кен алаңындағы жаңа жинау орындарында, мұнай дайындау пункттерінде болып, сағаалды алаңдарын, №5 тік резервуарды және өрт сөндіру жүйесін қарады.   

Компания басшысы Ботахан кен алаңындағы №1 Ботахан мұнай мен газды дайындау цехының әкімшілік ғимараты және жинау пунктінде де болды. Басқарма төрағасы Ә.Жақсыбеков «Доссормұнайгаз» МГӨБ мен Компанияның басқару аппаратының басшылық құрамының қатысымен сапардың қорытындысы жөнінде кеңейтілген жиын өткізді.   

Екі күндік сапар барысында ЕМГ басшылығы еңбек ұжымдарымен жұмыс орындарында кездесіп, келешектегі өндірістік жоспарлар, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерін талқыға салды.  

 «Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары.«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.