«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) тұрғын комитеті делегаттарының алғашқы форумы өтті

19 сәуір, 2018

Компанияның акт залында тұңғыш рет ЕМГ тұрғын комитеті делегаттарының (вахталық қалашықтарда тұратын) форумы өтті. Шараға ЕМГ-нің 50-ден астам жұмысшысы мен кәсіподақ белсенділері – Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің жатақханалары мен вахталық қалашықтарынан делегаттар қатысты. 

- Бүгінгі күні Компанияның кен орындарында жұмысшы жатақханаларын жақсартуға және қызметкерлердің тамақтануына қолайлы жағдай жасалған. Бірақ, уақыт бір орында тұрмайтыны белгілі. «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы өндіріске жаңа технологияларды енгізіп, жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттыруға қомақты қаражат бөліп, отандық мұнай-газ саласының көш басында тұрған компания ретінде алға үлкен міндеттер қойып отыр. Соның бірі – ембілік мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын айтарлықтай жақсарту, - деп атап өтті әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор Сәлімжан НАҚПАЕВ.   

 Форум барысында қатысушыларға бірнеше презентациялар таныстырылды. Инфрақұрылымдық нысандарды және сервисті басқару департаментінің директоры С.КҮМІСҚАЛИЕВ ЕМГ мұнай-газ өндіру басқармаларының әлеуметтік инфрақұрылымының жағдайы туралы талдау жұмыстарын ұсынып, мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын  жақсарту бағытындағы жоспарларымен бөлісті. Соның ішінде, Кенбай кен орны бойынша сервистік қызметті аутсорсинг жүйесімен бір мердігерге тапсыру пилоттық жобасы таныстырылды.  Мұның басты тиімділігі: Компанияның негізгі операциялық қызметінен ауытқымауын қамтамасыз ету, мұнай-газ секторындағы жетекші компаниялардың тәжірибесін тарату, Компания шығындары мен ресурстарын оңтайландыру, кейбір сатып алу рәсімдер тізбегін қысқарту және шағын келісімшарттарды бір жүйеге келтіру.

Инфрақұрылымдық нысандарды және сервисті басқару департаментінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманы Алмас ЖҰМАЛИЕВТІҢ таныстырған презентациясы форумға қатысушылардың жоғары қызығушылығына ие болды. Баяндамашы Қазақстандағы тамақтандыру ұйымдары мен тамақ блогы жұмысының технологиялық рәсімдеріне қойылатын жалпыәлемдік нормалар мен талаптар жөнінде жан-жақты баяндап, мекеменің қолданыстағы тамақтандыру моделіне талдау жасап, оны жақсарту жолдарын ұсынды.

Қозғалған тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға спикерлер тұшымды жауаптар берді. Тамақтандыру сапасына және қызметкерлерге әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге жедел мониторинг жүргізу мақсатында инфрақұрылымдық нысандарды және сервисті басқару департаментінің жауапты мамандарының байланыс телефондары ұсынылды.

 «Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.