«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) Басқарма төрағасы Ә.Е.ЖАҚСЫБКОВ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ өндірістік нысандарын аралады

29 наурыз, 2018

2018 жылғы 27-28 наурыз күндері аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков өндірістік құрылымдық бөлімше – «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының (бұдан әрі МГӨБ) өндірістік нысандарында жұмыс сапарымен болды.

Сапардың алғашқы күні Компания басшысы қауіпсіздік техникасы жөніндегі міндетті нұсқамадан соң Құлсары қаласындағы пайдалмалы жабдықтарды жөндеу және жалға беру цехының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, мұнай мен газды өндіру, ұңғымаларды жерасты жөндеу, зерттеу жұмыстары  цехтарының, арнаулы техника мен автокөлік колоннасының, жылу, газ, сумен жабдықтау учаскесінің және материалдық-техникалық қамту қоймасының жұмыстары да назардан тыс қалмады. 

Ақінген кен орнындағы нысандарды аралаған соң, Басқарма төрағасы «Қарашүңгіл Ата» мемориалдық кешенінде болып, Компания және бүкіл қазақстандық мұнай саласы үшін үлкен маңызы бар мұраны сақтап қалу мақсатында ескерткішті қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Бұдан кейін жұмыс сапары Аққұдық, Қисымбай, Ж.Досмұхамбетов, Ақтөбе, Нұржанов және Батыс Прорва кен алаңдарында жалғасты. ЕМГ басшысы әр өндірістік нысанда цех жұмысшыларымен кездесті. Мұнайшылармен еркін әңгімелесу кезінде өндірістік және әлеуметтік бағыттағы мәселелер көтерілді.   

Жұмыс сапарының екінші күні Прорва кен алаңдары тобындағы ілеспе газды дайындау қондырғысы нысанының, өндірістік қызмет көрсету базасының, арнаулы техника мен автокөлік колоннасының, өрт сөндіру бөлімінің жұмыстарын тексерумен жалғасты. Бұдан соң Ә.Жақсыбеков «Каспий самалы» вахталық поселкесінің жағдайымен танысып, демалыс бөлмелерін, асхана, мұражай және дәргерлік кабинетті аралады. 

Сапардың соңында вахталық поселкенің мәжіліс залында өткен кеңейтілген жиында «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-нің қызметі қорытындыланып, келешекке жоспарлары талқыланды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау.«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы жылдарда Компания республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд. теңгеден астам, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд. теңге,  демеушілік пен қайырымдылық ретінде 2 млрд. теңге қаражат бөлді.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.