Ембілік мұнайшылар Наурыз мейрамын тойлады

16 наурыз, 2018

Ембілік мұнайшылар Наурыз мейрамын Атырау облысының Мақат ауданындағы «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Ботахан кен алаңында тойлады

Ауқымды мерекелік шараға «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ БӨ) бас директоры Қ.О.Есқазиев, «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков, ЕМГ басқару аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, 6 өндірістік құрылымдық бөлімшенің (бұдан әрі ӨҚБ) еңбек ұжымдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Компанияның ардагерлері мен еңбек сіңірген жұмысшылары, жалпы алғанда, шамамен 450 адам қатысты.

- 2017 жылы ембілік мұнайшылар өндірістік жоспарды сәтті орындады. Бұл – ғасырға жуық уақыт бойы халық игілігі үшін аяқтай еңбек етіп келе жатқан ұжымдағы бірліктің, татулықтың нақты айғағы. Сіздерге Компания мен қазақстандық экономиканың дамуына қосып жатқан үлесіңіз бен қолдауыңыз үшін шексіз алғысымды айтамын!, - деп «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ ембілік жұмысшыларды құттықтады.

Сонымен қатар, ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ ембілік мұнайшыларға өткен жылы өндірістік жоспарды сәтті және 2018 жылдың 2 айында мұнай өндіру жоспарын артығымен орындағандары үшін алғысын айтып, Көрісу және Наурыз мерекелерімен құттықтады.

- Компания басшылығының міндеті еңбек ету үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау. Өз кезегімізде жұмысшылардан өндірісте қауіпсіз техникасы мен тәртіпті сақтауды сұраймыз.  Өйткені, өндірісте жүрген жұмысшыларымыз – біз үшін басты байлық, негізгі құндылық, - деп атап өтті ҚМГ БӨ басшысы.

Мерекелік шара аясында «Мейірімді мекен» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 10-нан астам жергілікті қолөнерші мен суретшілер және Компанияның ӨҚБ-ның 60 жұмысшысы қазақы ұлттық нақышта дайындаған туындыларын ұсынды. Жәрмеңкеден түскен қаражат Компаниның ӨҚБ-лері орналасқан Мақат, Жылыой, Исатай және Қызылқоға аудандарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық ретінде жұмсалады.

Ембілік мұнайшылардың мерекесі қазақстандық эстрада жұлдыздары Ақылбек Жеменей мен Айгүл Қосанованың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға, арқан тартыс, гір тасын көтеру, армрестлинг сынды спорттық жарыстарға ұласып, мерекелік дастархан жайылды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы жылдарда Компания республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд. теңгеден астам, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд. теңге,  демеушілік пен қайырымдылық ретінде 2 млрд. теңге қаражат бөлді.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.