«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков «Жайықмұнайгаз» МГӨБ өндірістік нысандарын аралады

03 наурыз, 2018

Атырау қ.

2018 жылғы 28-ақпан мен 1-наурыз күндері аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков өндірістік құрылымдық бөлімше – «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының (бұдан әрі МГӨБ) өндірістік нысандарында жұмыс сапарымен болды.

Сапардың алғашқы күні МГӨБ әкімшілік ғимаратында қауіпсіздік техникасы жөніндегі міндетті нұсқамадан соң, МГӨБ-нің өндірістік қызметінің көрсеткіштерін саралау мен шешімін күткен өзекті мәселелерді  талқылау жөнінде жиын өтті.

Нысандарды аралау Аққыстау ауылында құрылысы жүріп жатқан ПС-110/35/10 шағын стансасынан басталып, Солтүстік Жаңаталап  кен орнында жалғасты. Мұнда ЕМГ басшысы 9 мультифазалық сорғы қондырғысының және «192» ұңғымасындағы штангалық желі жүйесінің жұмыстарымен, ал, С.Балғымбаев кен алаңында Компания басшысы модульдік асхана, арнаулы техника мен көлікке арналған көлікжайлар және ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының құрылысымен танысты. Оңтүстік-батыс Қамысты кен алаңында Компания басшысы Ә.Жақсыбеков мұнайды дайындау учаскесінің, Оңтүстік-батыс Новобогат кен алаңында мультифазалық сорғы қондырғыларының жұмыстарымен танысып, «ПР-8» ұңғымасында болды.

Жұмыс сапарының екінші күні Забурын кен алаңындағы полимерлі суландыру учаскесінде  жалғасты.

Сапардың қорытындысы жөнінде Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков өз орынбасарларының, басқарушы директорлардың, ЕМГ департамент директорларының, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ басшылық құрамының және Компания қызметкерлерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізді.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау.

«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары.

«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.

Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.

Соңғы жылдарда Компания республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд. теңгеден астам, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд. теңге,  демеушілік пен қайырымдылық ретінде 2 млрд. теңге қаражат бөлді.

 «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.