«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) «Компанияның 10 жыл мерзімдегі Даму тұжырымдамасын» дайындау жұмыстары аяқталып келеді

24 ақпан, 2018

2018 жылдың 23-24 ақпан күндері ЕМГ-нің 2027 жылға дейінгі Даму тұжырымдамасын талқылау жөніндегі үшінші қорытынды сессия өтті. Сессияға «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі ҚМГ БӨ), ЕМГ топ-менеджменттері, Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің, негізгі департаменттері мен қызметтерінің басшылары қатысты.

Қорытынды сессия көшпелі форматта «Жаңа асуларды бағындыру» ұранымен ұйымдастырылды. Барлық стратегиялық сессиялардың ұйымдастырушысы Компанияның келешек даму блогы болды.

- «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облысындағы қала түзуші кәсіпорын болып табылады. Дәстүрлер, еңбек әулеттері және өндірістік үдерістерге деген оң көзқарас Компанияның басты құндылығы саналады. Сондықтан, ҚМГ БӨ тобына кіретін компаниялары арасында Ембі алғашқы болып дамудың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын дайындады.   Бүған дейін Компания өндіріске сандық кен алаңы, материалдық-техникалық қамту барысын оңтайландыру, техникалық қамту мен жабдықтарды жөндеу және тағы басқа жобаларды енгізді, - деді өзінің алғысөзінде ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ.   

Стратегиялық сессия барысында ЕМГ дамуының жаңа тұжырымдамасын келешек даму жөніндегі басқарушы директор Әлихан БАЙДҮЙСЕНОВ, ал, Компания дамуының ұзақ мерзімді қаржылық-экономикалық моделін Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА таныстырды.

- Алғашқы  «Ренессанс» стратегиясы Компанияның өндіру мен қор бойынша 2037 жылға дейін, ал, экономикалық көрсеткіштер бойынша 2019 жылға дейін дамуын көздеді. Көмірсутек шикізаты үрдісінің нарықтағы өзгерістеріне, Компанияның алдында тұрған стратегиялық міндеттері және мыңдаған ұжым алдындағы жауапкершілікке байланысты алдағы 10 жылға бағдарламалық құжат қабылдау қажеттілігі туындады. Бүгінгі сессияның мақсаты – еншілес компания - ҚМГ БӨ-ның басшылығының қатысуымен кеңейтілген құрамда ЕМГ даму тұжырымдамасының жобасын талқылау. Барлық ұсыныстар түскен соң, Даму тұжырымдамасын ЕМГ Директорлар кеңесіне бекітуге шығару, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.   

Екі күндік сессия барысында алдыңғы стратегиялық сессиялардың қорытындылары талқыланып, дамудың жаңа тұжырымдамасы аясында  Компанияның нақты міндеттері сараланды. «Біз қазір қайдамыз» деген сауал аясындағы қазіргі жағдайдан «Қайда болғымыз келеді» деген мәселе төңірегінде нақты жоспарлар, ұзақ мерзімді дамудағы  ЕМГ қызметінің стратегиялық бағыттары, HSE, HR және өндірісті автоматтандыру функционалды стратегиялары және тағы басқа өзекті жайттар қаралды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);
Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы жылдарда Компания республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд. теңгеден астам, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд. теңге,  демеушілік пен қайырымдылық ретінде 2 млрд. теңге қаражат бөлді.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.