Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевтың 2018 жылғы 21 ақпан күнгі тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында «Ембімұнайгаз» АҚ-на қатысты айтылған пікірге жауап

23 ақпан, 2018

21.02.2018 ж. күнгі Атырау облысы әкімінің есеп беру жиынында Роза Идеятоллақызы Нұрғалиеваның сауалына орай хабарлаймыз.

Атырау облысында 2015-2016 жылдары болған нөсер жауын салдарынан баспаналары тұруға жарамсыз болған тұрғындарға Компания қызметкерлері бір күндік жалақылары есебінен көмектер ұйымдастырды. Көмек көрсететін отбасылардың тізімін Атырау облыстық әкімдігі ұсынды. Бұл тізімге әлеуметтік жағдайы төмен, тәрбиесінде мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасылар кірді. Жиналған қаражаттың жұмысалуы:

  • Мүмкіндігі шектеулі балалары бар 4 отбасының баспанасына күрделі жөндеу жүргізілді;
  • баспанасы жарамсыз болған бір жалғызілікті қартқа жаңадан баспана салынды;
  • Атырау қаласының тұрғыны, баспанасы жартылай су астында қалған көп балалы ана Гүлбағыт ҚЫЗЫЛТАШТЫҢ отбасына жаңадан үй салынды. Бұл отбасындағы  4 баланың  екеуі ауыр науқасқа ұшыраған: кіші ұлында – симтомдық эпилепсия, психикалық дамуы тежелген, кіші қызының диагнозы – қуықтың дивертикулы, туа біткен жүрек кеселі.

2017 жылы Компания ұжымы нөсер жауыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қаражат жиналған жоқ.

Роза Идеятоллақызы Нұрғалиева 2011 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты ӨТҚжЖК басқармасынан  зейнеткерлік демалысқа шықты. Оның жалпы еңбек өтілі - 39 жыл 11 ай, соның ішінде, 30 жыл 5 айында мұнай-газ саласында жұмыс жасаған.

Зейнеткер Компания тарапынан жыл сайын «Атырау» шипажайына тегін жолдама алып, ем алып келеді. Мерзімдік баспасөзге мекеме тарапынан тұрақты жазылуда.    Сондай-ақ, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның  зейнеткерлерді қолдау бағдарламасындағы барлық зейнеткерлерге тиесілі көмектер  Р.Нұрғалиеваға да көрсетілуде.

Компания бюджетінде зейнеткерлерге баспана салу үшін қаражат қарастырылмаған.

2012 жылдан акционерлік қоғам ретінде құрылғаннан бастап 1.10.2017 ж. дейін Компания республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд. теңгеден астам, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд. теңге,  демеушілік пен қайырымдылық ретінде 2 млрд. теңге қаражат бөлді.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім аясында Компания жыл сайын Өңірлік инфрақұрылымды дамыту  бағдарламасына белсене қатысып келеді. 2017 жылы ЕМГ бұл бағытта 840 млн. теңге қаражат бөлді. 

2016-2017 жылдары бөлінген қаражат игеріліп, биыл бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Қызылқоға ауданының Сағыз және Тасшағыл ауылдарындағы екі пәтерлік 5 үй, 100 орындық балабақша, Мақат ауданындағы 300 орынға негізделген О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп, Исатай ауданының Тұщықұдық және Жанбай ауылдарындағы «Құлыншақ» балабақшасына жапсаржай және 200 орындық Мәдениет үйі.  

Қазіргі таңда Қызылқоға ауданының ауылдарында 424 орындық орта мектептің, 290 орындық балабақшаның, фельдшерлік-акушерлік бөлімшенің, бюждеттік мекеме қызметкерлеріне арналған 10 үйдің, Исатай ауданының Аққыстау ауылындағы 160 адамға негізделген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жалғасуда.

«Ембімұнайгаз»АҚ қоғаммен байланыс қызметі