«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы талқыланды

22 ақпан, 2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым бағыттарды түсіндіру мақсатында ҚР энергетика вице-министрі Болат Оралұлы АҚШОЛАҚОВ пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Асқарұлы СҮЙІНШӘЛИЕВ Компанияның басқару аппаратының қызметкерлерімен кездесті. Жиынға ЕМГ басқару аппаратының қызметкерлері түгел қатысты.

- «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы Елбасы саясатын толық қолдайды. Өндіріске жаңа технологияларды енгізу және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы «Сандың кең алаңы» жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда бұл бастама Ембінің ірі кен алаңдарында   таратылуда. Бұған қоса, Компанияда тұрақтылық пен жұмыс орындарын сақтау мақсатында бизнес-үдерістерді оңтайландыру, өндіріс тиімділігін арттыру, жаңа кен орындарын ашу және барлау бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынуда.  

Ал, адами капиталды дамыту бағытында Компания мұнай-газ саласына мамандарды даярлау үшін қомақты қаржы бөліп келеді», - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Бауыржан Құспанұлы БАЛЖАНОВ.     

Вице-министр Б.Ақшолақов  Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру жолдарын түсіндіріп, соның ішінде, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін» бағытына кеңінен тоқталды. Яғни, бұл – «Smart емхана», «Smart мектеп», «Smart көше жарығы» және «Smart payments» және т.б. Сол арқылы өмір сапасын арттыру және жаңа ортаны қалыптастыруды цифрландыру бағытындағы жұмыстар ерекше серпін алмақ. Ал, интеллектуалды технологияларды енгізу күнделікті өміріміздің бар саласына да оң әсер етеді.  

Кездесу соңында Компанияның Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Б.Қ. Балжанов келген қонақтарға ұжым атынан алғыс айтты.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы жылдарда Компания республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд. теңгеден астам, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд. теңге,  демеушілік пен қайырымдылық ретінде 2 млрд. теңге қаражат бөлді.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.