Беларустық кәсіпкерлер «Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) болды

08 ақпан, 2018

Атырау қ.

Беларустық делегация Компанияның бас кеңсесіне сапары барысында кәсіпорынның интерактивті мұражайын тамашалап, ЕМГ басшылығының өкілдерімен және бірқатар департаменттердің қызметкеркерлерімен кездесті. Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат ҒАБДУЛЛИН қонақтарды Компанияның тарихымен, өндірістік қызметімен және кәсіпорында енгізіліп жатқан жаңа технологиялармен таныстырды.

«Беларусь сауда-өнеркәсіптік палатасының Гомель бөлімшесі» БК-ның Бас директоры Марина ФИЛОНОВАНЫҢ мәлімдеуінше, беларустық бизнес сан жылдар бойы Қазақстанмен ынтымақтастық орнатып келеді. Ал, Атырау облысымен достық серіктестік қарым-қатынас орнаған.

Табиғи-климаттық ерекшеліктерге байланысты Беларусь мемлекеті агроөнеркәсіп кешені саласында үлкен жетістіктерге жеткен. Осыған орай, таныстырылымның негізгі бөлімі ауылшаруашылығы жобаларын жүзеге асыруға қатысты болды. Сонымен қатар, мұнайгаз компанияларына ұңғымаларды бұрғылау, газбен жабдықтау, жобалау, нысандарды, автожолдарды салу, темірбетон өнімдерін, өртке қарсы құралдарды шығару және т.б. қызметтерді көрсететін беларустық кәсіпкерлер Компаниямен өзара тиімді әріптестік қарым-қатынас орнату мүмкіндіктері туралы әңгімелесті. 

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау.

«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары.

«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.

Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.

Соңғы жылдарда Компания республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд. теңгеден астам, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд. теңге, демеушілік пен қайырымдылық ретінде 2 млрд. теңге қаражат бөлді.

 «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.