«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немес Компания) қызметкерлері жыл сайынғы «Жыл адамы-2017» жалпықалалық байқауында екі номинацияны жеңіп алды.

12 желтоқсан, 2017

Атырау қаласы

12 желтоқсанда Құрманғаы атындағы мәдениет үйінде жыл сайынғы жалпықалалық «Жыл адамы-2017» байқауы қорытындыланды. 13 номинацияның 2-уі ЕМГ ұжымына тиесілі болды. «Өндіріс саласының үздігі – 2017» аталымы бойынша ЕМГ АҚ-на қарасты «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының мұнай дайындау және айдау цехының жөндеушісі Дархан ЖАҢАБАЕВ үздік деп танылды.

«Үздік жас мамандар комитеті-2017» аталымы бойынша Компанияның «Жас мамандар» кеңесі жеңімпаз атанды.

- Ембімұнайгаз» АҚ-нда қызметкерлердің сапасын арттыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда.  Компания қызметкерлері тұрақты түрде қажетті оқулардан өтіп тұрады.  Сонымен қатар, жас мамандардың әлеуеттерін арттыруға да үлкен көңіл бөлінуде.

2013 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Стратегиясын жүзеге асыру  мақсатында барлық өндірістік-құрылымдық бөлімшелерде жастардың белсенділігін арттыру үшін құрылған «Жас мамандар» кеңесі Компанияның әлеуметтік жобаларының іске асуына да белсенді араласып келеді, - деп атап өтті ЕМГ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры Гүлбану ШАРАФЕТДИНОВА.

Жыл сайын өтетін «Үздік маман-2017» ұжымдық байқауында мұнайшылар теориялық білімдерін тексеріп, тәжірибелік білімдерін шыңдайды. Ал, жас мұнайшылар жаңа жобаларын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобы арасында ұйымдастырылатын «Жас маман күні» ұжымдық форумында қорғайды. Биыл  V Форум Атырау қаласында өтіп, Дархан Жаңабаевтың жобасы энергетика және автоматика секциясында үздік танылып, «2017 жылдың үздік өнеркәсіп маманы» номинациясын жеңіп алды.

Жас мамандар кеңесінің алғаш ұйымдастырған шарасы Атырау  сәбилер үйіндегі жүйке жүйелерінің ауруына шалдыққан балалар үшін ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы болды.   Аталған акцияға алты өндірістік бөлімшенің барлық жас мамандары қатысты. Сонымен қатар, ембілік жастар 2015 жылы Атырау қаласында болған қатты нөсер жауынның салдарын жоюда да белсенділік танытты.  Ал, 2017 жылдың қыркүйек айында «Жас мамандар кеңесі» мүшелері Компанияның 95 жылдығына орай Ембінің тарихи жерлерін аралады.

Қоғаммен байланыс қызметі

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz  тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде)
Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

ЕМГ АҚ – КМГ ҰК АҚ-на қарасты КМГ БӨ АҚ –ның еншілес кәсіпорны.  «Ембімұнайгаз» АҚ  тарихы 1922 жылдан – Доссор мен Мақат кен алаңдарын игеру үшін «Ембімұнай» трест болып құрылған кезеңнен басталады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен алаңдарын игеру, мұнай-газ өндіру, мұнай-газ дайындау. «Ембімұнайгаз»  АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компания өндірілген мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа шығаруда. Ішкі нарыққа шығарылатын  мұнай ҚР мұнай дайындау зауыттарына жөнелтілуде. Экспортқа шығатын өнім екі бағыт: Каспий Мұнайқұбыры Консорциумы (КМК) және Өзен- Атырау-Самара (ӨАС) арқылы  тасымалдануда. Тауарлық газ газ және газбен жабдықтау саласындағы ҚР ұлттық операторы - «КазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асырылады.  «Ембімұнайгаз» АҚ  өзінің қызметін ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіп отыр.