«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЭМГ немесе Компания) бірнеше қайырымдылық шыршасы шарасын өткізді

28 желтоқсан, 2017

Атырау қ.

Желтоқсан айының 24-26 күндері ЕМГ Атырау облысы мен қаласындағы мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына арнап бірқатар жаңажылдық қайырымдылық шыршасын ұйымдастырды. Қайырымдылық шараларына шамамен 1300 бала қатысты.

- Қайырымдылық шыршасы шараларын ұйымдастыру Компаниямызда дәстүрге айналды. Соңғы үш жылда біз мереке күндері арнаулы емдеу орындарында ем алып жатқан балаларға сахналық көріністер көрсетіп,  сыйлықтарды тарту етіп келеміз. Ал, 550-ге жуық мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына арналған жыл сайынғы ең басты шара облыстық драма театрында өтеді, - деді Басқарма төрағасы Ә.Е.ЖАҚСЫБЕКОВ БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Балаларға арналған қайырымдылық шыршалары 8 медициналық және арнаулы мекемеде, атап айтсақ, тіл мүкістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты, облыстық балалар ауруханасы, №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар үйі, №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, балаларды оңалту орталығы, «Болашақ» қоғамдық қоры және туберкулезге қарсы диспансерде өтті.

Қайырымдылық шырша бағдарламасында балалар сүйікті ертегі кейіпкерлерімен, Аяз Ата және Ақшақармен кездесіп, жарты сағатқа созылған қызықты сайыстарға қатысты. 

- Биылғы жыл  Компания үшін ерекше болды. Біз 95 жылдық мерейтойымызды  тойладық. Осы жылдар ішінде Ембі мұнайшылары еліміздің дамуына үлкен үлес қосты. Тек соңғы 5 жылда Компания республикалық және жергілікті бюджетке салық ретінде, Атырау облысының инфрақұрылымын дамытуға, демеушілік пен қайырымдылыққа шамамен 700 миллиард теңгедей қаражат бөлді, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы. 

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ бастауы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау.

«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары.

«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.

Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.

Компания құрылған 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Компания республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд. теңгеден астам, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд. теңге,  демеушілік пен қайырымдылық ретінде 2 млрд. теңге қаражат бөлді.

«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.