«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немес Компания) Басқарма төрағасы ұжым алдында 2017 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша есеп берді.

30 қараша, 2017

Атырау қаласы

Есеп беру жиналысына басқару аппараты мен өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, бас инженерлер, геология және игеру жөніндегі орынбасарлар, цех басшылары, еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің басшылары,  басқармалардағы кәсіподақ комитетінің жетекшілері қатысты.

- 2014 жылы мұнай бағасының құлдырауына байланысты әлемдегі көптеген мұнай компаниялары жаңа жобаларын тоқтатып, мыңдаған жұмысшылар қысқартуға ұшырады. Біздің компания жұмысшыларды қысқартпай, әлеуметтік пакеттерді сақтап қалды. Алайда, әлемдік нарықтың талабына сай даму   және геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция тарту үшін компанияда айтарлықтай өзгерістерді қолға алуымыз керек.  Бұл өзгерістер өндіріс тиімділігін арттыруға жол ашатын жобаларды дайындап, іске қосумен байланысты, -деп атап өтті өз сөзінде «Ембімұнайгаз»  АҚ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.

Баяндама барысында   өндіріс қызметінің жыл басынан бергі 9 айдағы қорытындысы тыңдалды.   Мұнай-газ өндіру басқармаларына қатысты  барлық бағыттағы ісшаралар жан-жақты қаралып, орын алған проблемалардың шешілу жолдары сараланып, барлық сауалдар бойынша жетекшілік ететін басшыларға нақты тапсырмалар берілді.

 -Компания алдында үлкен міндеттер тұр, осы бағытта  бүгінде топ-менеджменттер жүйелі жұмыс жасауда. Алайда, компания алға қойған міндеттер мен іс-шаралардың іске асуы  жергілікті жерлердегі барлық деңгейдегі басшыларға, сонымен қатар, әр қызметкердің орындаушылық және кәсіби шеберлігіне байланысты. Тек сонда ғана, алға қойған барлық жоспарды жүзеге асырып, 95 жылдық тарихы бар Компаниямызды Қазақстан Республикасы  мұнай-газ саласының көшбасшысы деген мәртебеге ие болуына мүмкіндік орнатамыз-деді Компания басшысы.

Қоғаммен байланыс қызметі

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz   тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде)

Анықтама: ЕМГ АҚ – КМГ ҰК АҚ-на қарасты КМГ БӨ АҚ –ның еншілес кәсіпорны.  «Ембімұнайгаз» АҚ  тарихы 1922 жылдан – Доссор мен Мақат кен алаңдарын игеру үшін «Ембімұнай» трест болып құрылған кезеңнен басталады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен алаңдарын игеру, мұнай-газ өндіру, мұнай-газ дайындау. «Ембімұнайгаз»  АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК».

Компания өндірілген мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа шығаруда. Ішкі нарыққа шығарылатын  мұнай ҚР мұнай дайындау зауыттарына жөнелтілуде. Экспортқа шығатын өнім екі бағыт: Каспий Мұнайқұбыры Консорциумы (КМК) және Өзен- Атырау-Самара (ӨАС) арқылы  тасымалдануда. Тауарлық газ газ және газбен жабдықтау саласындағы ҚР ұлттық операторы - «КазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

2012 - 1.10.2017 жыл аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ салық төлемі ретінде республикалық және жергілікті бюджетке 654 млрд. теңгеден астам қаражат аударды, соның ішінде 75 млрд. шамасындағы қаражат  - 2017 жылдың 9 айында. «Ембімұнайгаз» АҚ  өзінің қызметін ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіп отыр.