Басқарушы директорлар

Тәжмағамбетова Нұрсәуле Әжіғалиқызы

Қаржы директоры - қаржы бақылаушысы

Білімі: Халықаралық кәсіпкерлік академиясы  (мамандығы: «Қаржы менеджменті»); Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратура бөлімінде экономистерге арналған МВА орыс-неміс бағдарламасы бойынша білім алды.

Еңбек жолын Гурьев қалалық азық-түлікпен қамту бөлімінде кіші сатушы болып бастады. Кейін «Гурьевснаб» АҚ маркетинг жөніндегі менеджер; «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының және «Ембімұнайгаз» ААҚ өкілдіктерінде сату жөніндегі бөлім менеджері; экономикалық талдау департаментінің, «Қазақойл-Ембі» ААҚ еншілес кәсіпорындары мен шаруашылық серіктестіктермен жұмыстар жөніндегі сектордың І санатты инженері, «Қазақойл-Ембі» ААҚ Басқарма және директорлар Кеңесінің хатшысы, қаржы департаментінің жетекшісі, экономикалық жоспарлау және талдау секторы жетекшісінің орынбасары, «Ембімұнайгаз» ӨФ бюджеттеу және экономикалық талдау бөлімі басшысы, департамент басшысы, «Ембімұнайгаз» АҚ экономикалық бөлім басшысы, бюджеттеу және экономикалық талдау департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ қаржы директоры – қаржы бақылаушысы лауазымында еңбек етіп келеді.

Орталық бухгалтерия мен қазынашылық департаментке жетекшілік етеді. Аудит жүргізуді, ішкі аудиторлармен серіктестікті, қаржылық активтерден түсетін кірісті үйлестіріп, қаржылық тиімділікке баға береді.

Марапаттары:

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасы (2009 ж.),  «Доссор мұнайына 100 жыл» естелік белгісі  (2011 ж.), ҚР Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасы (2013 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ-на 95 жыл»  мерейтойлық медалі (2017 ж.).