Басқарушы директорлар

Малик Жолдаскалиұлы Жилкишиев

Өндіріс жөніндегі басқарушы директор

Білімі: Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша бакалавриатын,  Қазақстан-Британ Техникалық университетін – экономика және бизнес магистрін бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Доссор кен алаңының  бу-сумен қамту цехының апатты-қалпына келтіру жұмыстарының  2-разрядты  жөндеушісі болып бастады. Кеңес әскері қатарында азаматтық борышын өтегеннен соң, Доссор кен алаңында апатты-қалпына келтіру жұмыстарының 2-разрядты жөндеушісі еңбек жолын одан әрі жалғастырады. Институтты бітірген соң «Гурьевмұнайгазгеология» бірлестігінің Солтүстік-Ембі мұнайгазбарлау экспедициясының 4-разрядты бұрғышысының көмекшісі,өндірістік оқыту шебері,Доссордағы өндірістік-оқыту бойынша  училище  директоры,  «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Ұңғымаларды жер асты жөндеу учаскесінің шебері,  басшысы,     Кенбай мұнай-газ өндіру цехы басшысының орынбасары, басшысы, Б.Жоламанов атындағы мұнай-газ өндіру цехының басшысы, Өндірісті жедел басқару цехы басшысының орынбасары, басшысы, өндірістік-техникалық қызметінің жетекші инженері, басшысы, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ  бас инженері, «Доссормұнайгаз» МГӨБ бас инженері қызметтерін атқарды. 2017 жылдың 12-қыркүйегінен бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ЕМГ Басқару  аппараты мұнай және газ өндіру департаментінің директоры болды.

Мұнай-газ өндіру департаментінің, өндірісті жедел басқару департаментінің, өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технология департаменті мен күрделі құрылыс департаментінің, транспорт департаменті мен еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің жұмыстарына жетекшілік етеді.

Марапаттары: «Прорва кен алаңының 50 жылдығы» төс белгісімен, РҚ Тәуелсіздігі күніне орай «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ Құрмет грамотасымен, «Мұнай-газ кешенін дамытуға косқан үлесі үшін», «Ембімұнайгаз» АҚ құрылғанына -95 жыл»,  ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл»  мерейтойлық медальдарымен марапатталды.