Директорлар кеңесі

Мақсым Шафихұлы Ізбасов

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиясы және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша (1976 ж.), Алматы саясаттану және басқару институтын (1991 ж.) тәмамдады.

Еңбек жолын 1976 жылы «Құлсарымұнай» МГӨБ Құлсары кен алаңында мұнай мен газ өндіру операторы болып бастады. Кейін Құлсары кен алаңында өндірістік-технологиялық бөлімнің аға инженері, жерасты жөндеу цехының басшысы, өндіру цехының басшысы қызметтерін атқарды.

1985 – 1989 жылдары – «Құлсарымұнай» МГӨБ партия комитетінің хатшысы болды. Еңбек еткен әр жылдары «Құлсарымұнай» МГӨБ жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы, бас инженері, «Теңізмұнай» ӨБ өндірістік-технологиялық бөлімнің басшысы, бас инженері, бірінші вице-президенті болды. Екі акционерлік қоғам «Теңізмұнай» және «Ембімұнайгаздың» бірігуіне байланысты 1999 жылы «Құлсарымұнайгаз» МГӨБ басшысы болып тағайындалды.

2004 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры болып тағайындалды. Бұдан кейін «Құлсарымұнайгаз» МГӨБ басшысы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» ӨФ-де бас техникалық жетекші, Норт Каспиан Оперейтинг Компани компаниясы Атырау филиалының жергілікті билік органдарымен байланыс жөніндегі аға кеңесшісі болып еңбек етті. 2012 жылдан 2017 жылдар аралығында Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болды. 2021 жылдан Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы. 

Марапаттары:

«Құрмет» (1999 ж.), «Парасат» (2020 ж.) ордендерімен,, «ҚР Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «»Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж,), «Қазақстан мұнайына 120 жыл» (2019 ж.), «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығы (2022 ж.) медальдарымен, мәдениет және гуманитарлық салалардағы демеушілік және қайырымылық қызметтері үшін ҚР Президентінің Құрмет дипломымен (2006 ж.), ҚР Президентінің (2001, 2005 ж.) және Атырау облысы әкімдерінің (2001, 2005, 2007 ж.) Алғыс хаттарымен, КСРО Мұнай кәсіпшілігі министрлігінің (1980 ж.), ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің  (2004 ж.) және ҚР мұнай және газ министрлігінің  (2010 ж.) Құрмет грамоталарымен, облыстық кеңес және облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, мұнай және мұнайдың 100 жылдығы және кен орындарының мерейтойларына арналған төсбелгілермен марапатталды. Халықаралық мұнай және газ кәсіподақтары конфедерациясының лауреаты (2005 ж.). Атырау облысының (2022 ж.), Атырау облысы Жылыой ауданының  (2004 ж.) және Қызылқоға ауданының (2007 ж.) Құрметті азаматы. «Жыл мұнайшысы» («Жыл адамы») (2001 ж.). Облыстық мәслихаттың екі шақырылымының депутаты  (1999-2003, 2003-2007 ж.ж.).