Ақпараттарды ашу

«Ембімұнайгаз» АҚ-нда жасақталған «Ақпаратты ашу және ұсыну» Ережесі Қоғам мен құрылымдық бөлімшелер қызметкерлеріне инсайдерлік, құпия және басқа да ақпараттарды анықтауға, оларды ашу және келісу тәртібіне негізделген.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына, Қоғамның Жарғысына, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілген ақпаратты ашу Саясатына сәйкес дайындалған бұл Ереженің талаптары Қоғамның барлық қызметкерлеріне бірдей қойылады.

Компания Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына құпия ақпараттарды олардың құзыреттері аясында ҚР-ның бекітілген заңнамалық актілері, Қоғамның Жарғысы мен ішкі құжаттары аясында ашады.