Стратегиялық және корпоративтік даму

Стратегиялық және корпоративтік даму

«Ембімұнайгаз» АҚ 4 халықаралық стандарттар ISO 9001, ISO 14001,   OHSAS 18001 және ISO 50001 бойынша сертификацияланған.

Егер алғашқы үш стандарт 2006 жылы енгізілген болса, энергоменеджмент стандарты Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 13.01.2012 жылғы Заңына сәйкес, 2013 жылдан бастап қолданысқа енгізіле бастады.

Энергоменеджмент – бұл энергия шығынының көлемін барынша оңтайландыруға мүмкіндік беретін, кәсіпорындардағы энергияны тұтына білуді басқару тәсілі. Энергоменеджмент жүйесі – кәсіпорынның энергетикалық саясатын қалыптастыруға, мақсаттар қоя білуге және сол мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар дайындауға  бағытталған кәсіпорынның өзара байланысты және өзара әрекет етуші элементтерінің жиынтығы. 

Энергоменеджментті енгізу шеңберінде Қоғамның энергоменеджмент саласындағы Саясаты жасақталды және бекітілді, Қоғамның барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде (ӨҚБ) энергоаудит жүргізілді. Энергоаудит Чокин атындағы институт мамандарымен өткізілді.

Аудит бойынша есеп тапсырылды және энергия үнемдеу бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, осындай енгізулер нәтижесінде, Қоғам қызметкерлеріне энергоменеджмент жөніндегі оқулар өткізіліп, энергияны қажетінше пайдалану көздері анықталды, энергияны тұтыну/пайдалану және энергия тиімділігіне бағытталған заңнамалық және нормативтік талаптардан энергияны пайдалануды азайту шаралары жасақталды және бекітілді. 

Осы бағытқа қатысты шешілмеген мәселелер әлі де аз емес, алайда шаралар орындала бастады. Автокөліктерге GPS – навигаторлар қондырылуда, соның нәтижесінде мотор отынының қолданысы азая түсуде (бензин, дизотын), жабдықтар сатып алу кезінде жабдықтардың энергия үнемдеу қабілеттілігі техникалық ерекшеліктерінде көрсетілуі тиіс. Кен орындарында электр энергиясын тұтыну қажеттілігін азайту мақсатында, сораптарға жиілікті-реттегіш жетекті басқару станциялары және т.б. орнатылған.

Энергоменеджментті қолдау және жақсарта түсу мақсатында, TUV NORD Украина сертификаттаушы халықаралық органымен 2014 жылдың қараша айында «Ембімұнайгаз» АҚ-нда менеджмент жүйесіне алғашқы бақылау аудиті ISO 50001:2011 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өткізілді.

Белгілі бір дәрежеде энергоменеджмент жүйесін кәсіпорындарға енгізудегі жетістіктер кәсіпорын басшысының сол мәселеге қатысты түсіністік білдіруімен және онда жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге байланысты болып отыр. Ендеше, осы саланы дамыту бағыты жүзеге асырылуда!

Энергоменеджмент жүйесі – тиімділікке бастар жол

2013 жылы енгізілген халықаралық ИСО 50001:2011 «Энергетикалық менеджмент жүйесі» стандартының қызметі шеңберінде, Қазақстан Республикасының «Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу туралы» заңының орындалуы барысында, «Самрук-Казына» АҚ компаниясы топтарының энергия тиімділігін арттыру бағдарламасына» сәйкес, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының 18.06.2015ж.  №359 бұйрығына сәйкес, 2015 жылдың маусым айының 22-сі мен 24-і аралығында Қоғамда энергоменеджмент жүйесінің екінші бақылау аудиті өткізілді. Аудит ТЮФ НОРД Украина ООО менеджмент жүйесінің сертификациясы жөніндегі органымен өткізілді.

Менеджмент жүйесін сертификациялау «Ембімұнайгаз» АҚ-нда әрекет ететін – Мұнай және газ кен орындарын игеру. Мұнай және газ өндіру және сату. ТМҚ қабылдау, сақтау, жөнелту және жеткізу. Техникалық қызмет көрсету. Энергетикалық жабдықтарға күрделі жөндеу, мұнай құбырларын электрлі химқорғау шеңберінде өткізілді.

Аудит барысында стратегиялық және корпоративтік даму департаментімен аудиторларға Қоғам басшылығымен Энергоменеджмент саласындағы анықталған және бекітілген саясат, энергоменеджмент саласында белгіленген тиісті мақсаттар, дайындалған энергетикалық нәтижені арттыру шаралары туралы нақты мәліметтер берілді.

Сонымен қатар, стратегиялық және корпоративтік даму департаменті, мұнай және газ өндіру департаменті мен энергетика департаменттері бірлесіп Энергоменеджмент саласындағы саясатты түсіндіруді қамтамасыз ету, белгіленген саясатқа сәйкес тиімді жұмыс жүргізуге көмек көрсету және ұмтылу, негізгі ортақ мақсаттарды көздейтін компания ісіне өз үлесін қосу бойынша әрбір қызметкермен тұрақты жұмыстар жүргізеді.

Энергия үнемдеу бағдарламасын іске қосу шеңберінде «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндірудің технологиялық режимін оңтайландыру жұмыстарын жүргізуде, ондағы басты мақсат электр энергиясына барынша аз шығын жұмсау критерийлерін жүзеге асыру. 

Аудит барысында энергоменеджмент саласын жақсарту потенциалдары анықталды, оны Қоғам басты назарда ұстап отыр.  Энергетикалық талдау шеңберінде пайдаланылатын энергоресурстар көлемі бағаланды, оның қатарына электр энергиясын, табиғи және ілеспе газды, ЖЖМ жатқызуға болады.

Аудиторлармен энергияны мол мөлшерде пайдаланумен байланысты қызметтердің барлық аспектілерін қамтитын энергия үнемдеуге бағытталған көптеген шаралардың, атап айтқанда, жабдықтар модернизациясы, жарық беру жүйесі, жылумен қамту жүйесі, ұңғымаларды басқарудың интеллектуалды станциясын енгізу, т.б., Қоғаммен енгізілгені ерекше аталып өтілді.

Құрылымдық бөлімшелер

НГДУ "Доссормунайгаз"   НГДУ "Жылыоймунайгаз"   НГДУ "Жайыкмунайгаз"   НГДУ "Кайнармунайгаз"   "УПТОиКО" "Эмбамунайэнерго"