Компания тарихы

«Ембімұнaйгаз» АҚ- Қазақ мұнайының «қара шаңырағы».

18 ғасырдың өзінде Каспий теңізінің шығыс бөлігінде мұнай қоры бар екені анық болды. 1893 жылы Доссор, Қаратон, Мақат және Қарашүңгіл жерлерінде барлау бұрғылау  жұмыстары басталды. 1899 жылы Жылыой ауданының аумағындағы Қарашүңгіл жерінде алғашқы мұнай бұрқағы атқылады. Осы күннен бастап қазақ мұнайының тарихы басталды.

1911 жылы Доссор жерінде ірі мұнай қоры табылып, әлемнің назарында қазақстан мұнайы болды.   

1912 жылдың 10-сәуірінде шет елдік инвесторлардың көмегімен «Ембі» мұнай өнеркәсібі және  сауда акционерлік қоғамы құрылады. Осы аралықта Лондон биржасы қазақстандық кәсіпшілікте мұнай қазуды ынталандыруға тартылған акцияларды шығара бастайды.

Көрші Ресей еліндегі революцияның басталуы, одан кейін азамат соғысы Ембі мұнай өнеркәсібін  жұмысын айтарлықтай тоқтатты.  Алайда, соғыс салдарына қарамастан 1920 жылы мұнай кен алаңдарын игеру мақсатында бұрынғы шетел компаниясының базасында Орал-Ембі ауданының мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылады. 1922 жылы Доссор мен Мақат кеніштерін игеру үшін «Эмбанефть» бірлестігі құрылады. 1940 жылдың соңында Орал-Ембі  мұнай кәсіпшілігі 750 мың тонна өнім берген.  

ҰОС кезіндегі ембілік мұнайшылардың еңбегі ұшан-теңіз. Соғыс уақытының талабында мұнай өнеркәсіптерінде үзіліссіз жұмыс істеу талап етілді. Соғыстың қиын жылдарында ембі мұнайшылары «Қошқар», «Комсомольск». «Жолдыбай», «Тентексор» кен орындарын пайдалануды жалғастыра берді.

1945 жылы «Ембімұнай» тресті «Қазақстанмұнай» өндірістік бірлестігіне өзгертілді. Оның құрамына Қазақ ССР аумағында соғыстан кейінгі уақытта әрекет еткен мұнай саласының барлық кәсіпорындары кірді. 40-жылдардың соңына таман мұнай өндіру көлемі жылына миллиард тоннаға дейін жетті, 1968 жылы Ембіде мұнай өндіру екі миллионға өсті. 1993 жылы мұнай кәсіпшілігі «Ембімұнайгаз» АҚ болып қайта құрылады. 1999 жылы «Ембімұнайгаз» ААҚ мен «Теңізмұнайгаз» ААҚ қосылып «ҚазақОйл-Ембі» АҚ құрылады. 2002 жылы «ҚазақОйл-Ембі» мекемесінің аты «Ембімұнайгаз» АҚ болып өзгертіледі.  2004 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ембімұнайгаз» АҚ бірігіп, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ құрылады.  «Ембімұнайгаз» өндірістік филиал болып жұмысын жалғастырады. 2012 жылдың 1-қазанынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ болып атауын өзгертеді.

Бүгінгі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ құрамында 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. Компанияда 5 525 (01.01.2015) еңбек етеді. «Ембімұнайгаз» АҚ кен алаңдарында 41 кеніш болса, оның 33 игерілуде. Компания өзінің қызметін ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.

«Ембімұнайгаз» АҚ қызметінің негізгі бағыттары:

  • Мұнай-газ кен алаңдарын игеру, геологиялық барлау,
  • Мұнай -газ өндіру,
  • Мұнай- газ дайындау

Құрылымдық бөлімшелер

НГДУ "Доссормунайгаз"   НГДУ "Жылыоймунайгаз"   НГДУ "Жайыкмунайгаз"   НГДУ "Кайнармунайгаз"   "УПТОиКО" "Эмбамунайэнерго"